Эмбриология


Бүйрек үсті безінін кыртысының секреторлык қызметінің реттелуі



Pdf көрінісі
бет336/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Бүйрек үсті безінін кыртысының секреторлык қызметінің реттелуі.
Шоғырлы және торлы аймактардың гормон өндірушілік жүмысының арнайы 
мамандандырылған ынталандырушысы аденогипофиздін адренокортико- 
тропты гормоны (АКТГ) болып табылады.


522
15-Тарау. Эндокринді жүйе
Шумакты 
аймактың реттелуі 
күрделірек. Альдостерон, биосинтезі 
АКТГ-мен ынталандырылатын кортикостероннан пайда болатынына бай- 
ланысты, минералокортикоидтардың генезінің бастапкы сатылары осы 
аденогипофизарлык белсендірушіге бағынады. Бірак, кортикостеронның 
альдостеронға айналуы рениннің (бүйректе өндірілетін гормон) косымша 
кірісуімен жүреді. Сонымен катар альдостеронның түзелуін эпифиздін гормо­
ны адреногломерулотропин де ынталандырады.
Адамның жасына байланысты өзгерістері. 
Адамның бүйрек үсті безінің ка- 
быктык затынын толык дамуы 20-25 жаста жүріп, онын аймактарынын 
аракатынастары 1:9:3 жакындайды. Адамның 59 жасынан кейін кыртыстын ка- 
лындығы азая бастайды. Қабыктык заттың жасушаларында біртіндеп липидтік 
косындылардың саны мен көлемдері төмендейді, ал энителийлік созындылар- 
дың арасындағы дәнекер тіндік кабаттар калындай түседі. Редукцияға негізінен 
торлы аймак ұшырайды, ал шумакты аймаказыракөзгереді. Шоғырлы аймактын 
калындығы баскалармен салыстырғанда өсе түседі, бұл бүйрек үсті безінін 
глюкокортикоидтык кызметінін каркынынын картайғанша жеткілікте денгейде 
болуына жағдай жасайды. Бүйрек үсті безінін милык затында адамның жасына 
байланысты анык көрінетін өзгерістер болмайды. 40 жастан кейін хромаффи- 
ноциттердің аздаған гипертрофиясы байкалады, тек карттарда ғана оларда 
атрофиялык өзгерістер пайда болып, катехоламиндердін өндірілімі әлсірейді, ал 
тамырлары мен стромасында склероз белгілері аныкталады.
Тамырлануы. 
Бүйрек үсті безінін милык және кабыктык заттарында ортак 
қан айналым болады. Бүйрек үсті безіне кірген артериялар капсуланын астын- 
да орналаскан торды кұрайтын артериолаларға тармакталады, одан кабыктык 
затты канмен камтамасыз ететін кылтамырлар бөлінеді. Олардың эндотелиі 
фенестрленген, 
бұл кыртыс жасушаларынан 
кортикалдык стероидты 
гормондардын кан ағымынатүсуін жеңілдетеді. Торлы аймактан кылтамырлар 
милык бөлікке кіріп, синусоидтарға айналады да венулаларға бірігіп, әрі карай 
веноздыкөрімге ұласады. Бұлармен бірге милык затка капсулаастылыктордан 
басталатын артериялар да кіреді. Қан, кабыктык заттын ішімен өту кезінде 
кыртыс жасушаларының өндірген өнімдерімен байытылып, хромаффинді 
жасушаларға норадреналиннін метилденуін, яғни адреналиннін түзелуін ын- 
таландыратын арнайы, кыртыста түзелген ферменттерді әкеледі.
Милык затта кан тамырларының тармакталуы әрбір хроммафинді жа- 
сушаларды бір жағынан артериалды кылтамырмен, ал екінші шетінен 
жасушалардың бөлетін катехоламиндерінің түсетін жері веноздык синусо- 
идпен байланыстырады. Веноздык синусоидтар бүйрек үсті безінің, астыңғы 
куыс көктамырға кұятын, орталык көктамырсына жинакталады. Осылайша, 
канға бір мезгілде кортикостероидтар да, катехоламиндер де түседі, бұл жағдай 
эффекторлык мүшелерге немесе жүйелерге екі реттеуші фактордын да бірлесе 
отырып эсер етуіне мүмкіндік береді. Баска көктамырлар аркылы кабыктык 
және милык заттардан кан бауырдың какпалык көктамырсына бағыт алып, 
оған гликогеннен глюкозанын мобилизациясын арттыратын адреналинді 
және, керісінше, бауырда глюконеогенезді белсендіретін глюкокортикоид- 
тарды әкеледі.


15.3. Шеткері эндокриндік бездер
523
Жүйкеленуі. Бүйрек үсті безі эфферентті жүйкелік импульстерді не- 
гізінен кұрсактык және кезбе жүйкелер аркылы алады. Қабыктык затқа 
постганглионарлык (миелинсіз) симпатикалык талшықтар, ал милык 
боліккс (баска симпатикалық ганглийлерге де) прсганглионарлык (миелинді) 
талшыктар кіреді. Капсулада микроганглийлер және жекелеген ганглиоздык 
жүйке жасушалары жиі кездеседі. Кызметі аденогипофизарлык АКТГ-мен 
ынталандырылатын кабыктык бөлікте тура жүйкелік импульстердің рөлі 
вазомоторлык эффектілермен шектеледі. Гипофизге тәуелді емес милык 
затта онын секреторлык кызметін реттеу негізінен күрсактык жүйкетен 
келетін жүйкелік импульспен ғана іске асырылады. Акырғылардың тітіркенуі 
хромаффинді жасушалардын адреналин мен норадреналинді канға беруін 
жоғарылатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет