141
6.2. Безді эпителийлер
6.9-сурет. Секреция түрлері (кесте):
а
—
мерокринді секреция; б — апокринді се
креция;
в
— голокринді. 1 — аздифференцияланған жасушалар; 2 — қайтадан пай-
да бола бастаған жасушалар; 3 — бұзыла бастаған жасушалар
(мысалы, сүт бездерінің жасушалары), яғни секреторлык өнімдермен бірге
безді жасушалардын цитоплазмасының апикальды бөлімі (макроапокринді се
креция) немесе микробүрлердің үштары (микроапокринді секреция) бөлінеді.
Секрециянын
голокринді турінде
өнім (май) цитоплазмада жинакталып,
безді жасушалар толык бұзылады (мысалы, терінін май бездерінің жасуша
лары). Безді жасушалардын кұрылымынын калпына келуі не жасуша ішілік
регенерация жолымен (меро- және апокринді секреция түрлерінде), не
жасушалык регенерация жолымен өтеді, яғни камбиальды жасушалардын
бөлінуі және дифференциялануы аркылы (голокринді секреция түрінде).
Секреция жүйкелік және гуморальдык механизмдерді колдана реттеледі: бірін-
шілері жасушалык кальцийді бөлу аркылы эсер етеді, екіншілері — цАМФ-ты жинак-
тау аркылы ыкпалын тигізеді. Безді жасушаларда ферменттік жүйелер мен метаболизм-
нің, секреттін жасуша ішіліктасымалдануы мен бөлінуіне катысатын микротүтікшелер-
дін жинакталуынын және микрофиламенттердің жиырылуынын белсенділігі артады.
Бездер
Бездер — химиялык табиғаты әр түрлі арнайы заггарды өндіретін және
оларды шығару өзектеріне немесе кан мен лимфаға бөлетін мүшелер.
Бездердін бөлетін өнімдердін аскорыту, өсу, даму, сырткы ортамен әрекетгесу
және т.б. үдерістер үшін маңызы зор. Көптеген бездер — жеке, анатомиялык
калыптаскан мүшелер болса (мысалы, ұйкы безі, ірі сілекей бездері, калканша
безі), кейбіреулері мүшелердін бір бөлігі ғана болып табылады (мысалы,
асказан бездері).
Бездер екі топка бөлінеді:
ішкі секреция бездері
немесе
эндокриндік
және
сыртқы секреция бездері
немесе экзокриндік (6.10-сурет,
a, 6).
Эндокриндік бездер биологиялык белсенді заттарды —
гормондарды
тікелей
канға бөледі. Сондыктан олар тек безді жасушалардан тұрады және шығару
өзектері болмайды. Олардын барлығы организмнін эндокриндік жүйесінін
кұрамына кіреді және жүйке жүйесімен бірге реттеушілік кызмет аткарады
(15-тарауды караныз).
|