Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет43/68
Дата07.10.2022
өлшемі3,63 Mb.
#152046
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

3.2.4. Әлеуметтік топтасуды ілгері 
жылжыту 
Респонденттер білім беру мектептердің 
мүгедектігі бар балалармен жұмыс істеуде 
сәтсіздікке ұшыраған салаларын дәл 
анықтағанымен, «арнайы мектептер» мен 
инклюзивті мектептердің мүгедектігі бар 
балалардың жалпыға бірдей білім беретін меке-
«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» республикалық конкурсында.
63


мелерде табысты оқуына мүмкіндік беретін пай-
далы құрамдастарын талқылау да бірегей сипат-
тамаларды анықтады. Ондай құрамдастардың 
бірі басқа оқушылармен бірге жауаптылық 
сезімін тәрбиелеу арқылы әлеуметтік топтасуға 
көмек көрсету болып табылады. Интернаттық 
типтегі оқу мекемесінде оқитын балалар мына-
ларды атап көрсетті, мысалы:
«Мұнда барлығы бір-біріне туған бауыр-
лар сияқты қарым-қатынас жасайды... Біз 
бәріміз әртүрлі болғанымызбен, бір үйдің 
баласындаймыз. Біздің мінездеріміз әртүрлі 
болса да». (5-бала)
«Мектепте сен бәрін танисың. Мектепте біз 
бір отбасы, бір командамыз». (1-бала) 
Бұл балалардың мекемеде көп уақытын 
өткізуіне байланысты болса, мектеп те 
тәлімгерлік бағдарламасын қамтамасыз ете 
отырып, әлеуметтік ұйымшылдыққа белсенді 
түрде тәрбиелейді. Бір бала былай дейді: 
«Бірінші және төртінші сыныпқа дейінгі 
тәлімгерлер бар. Егер де біз әрі қарай бірінші 
сыныптарды алсақ, сегізінші сыныпта біз 
басқа балаларға тәдімгер боламыз». (3-бала)
Ересек балалардың жасы кіші балаларды өз 
жауапкершілігіне алуы әртүрлі жас топтарының 
арасындағы әлеуметтік әрекеттестікке 
мүмкіндік береді, осыған сәйкес монито-
ринг саласындағы мектеп мүмкіндіктерін 
жоғарылатады. Жалпыға бірдей білім беретін 
немесе инклюзивті мектептер балаларға 
мектеп ортасында бейімделуге көмектесетін 
тәлімгерлерді тағайындау арқылы мүгедектігі 
бар балалардың әлеуметтік және білім беру ин-
теграциясына мүмкіндік туғызар еді. 
Әлеуметтік топтасудың оң мысалдары жөнінде 
мүгедектігі бар балалар да, сонымен қатар 
инклюзивтік мектептердегі мүгедектігі жоқ ба-
лалар да пікір білдірді. Мүгедектігі жоқ балалар 
мүгедектікке мән бермей, ашық және достық 
қоршаған ортада ойнаудың маңызды рөлін атап 
өтті. Инклюзивті мектептен бір бала былай деді:
«Біздің сыныпта жүре алмайтын қыз бар. Ол 
мектепке қайтып келгенде, біз оны қарсы 
алуға даярландық. Бізге оның денсаулығына 
қатысты сұрақ қоюға болмайтынын айтты. 
Яғни біз онымен жай сөйлесуіміз керек».(1-
бала; ФГ)
Екінші бала өз ойын былай білдірді: «...ол 
балаларға біз сияқты бала екенін сезінуге 
мүмкіндік беріңіздер».(8-бала; ФГ3)
Мүгедектігі жоқ кейбір балалардың сөздеріне 
қарағанда, мамандандырылмаған мектептердің 
әлеуетті артықшылығы да осында. Бір бала 
Астана қ. Балалар психоневрологиялық 
медициналық-әлеуметтік мекемесі мүгедектігі бар 
балаларға арналған күндізгі болу бөлімінде.
64


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
«мамандандырылған мектептерде арнайы 
құралдар бар. Ал біздің мектептер адамдар-
мен қарым-қатынас жасауға үйретеді және 
өзін толық адам ретінде сезіндіреді» деп 
мәлімдеді. (12-бала; ФГ3). 
Мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі жоқ 
балалардың өзара қарым-қатынасы мүгедектігі 
бар баланың өзін «толық адам» ретінде 
сезінуіне мүмкіндік беретін қарым-қатынас 
жасауға қолайлы орынды қамтамасыз етеді. 
Мамандандырылмаған мектептердің бұл ерек-
ше артықшылығын бірқатар мүдделі тараптар 
құптап отыр. Мүгедектігі бар балалардың ата-
аналары өз баласының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет