Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет45/68
Дата07.10.2022
өлшемі3,63 Mb.
#152046
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

рынша ертерек берген жақсы. Ең қызығы 
балалар кейбір балалардың ерекше даму 
қажеттілігімен келгенін тіпті байқамайды да».
(Директор; ИН17). 
Басқа респонденттер мүгедектігі бар баланы 
қабылдаған кезде әр оқушы сыныптағы болуы 
мүмкін өзгерістер туралы хабарландырылуы 
тиіс екенін атап көрсетті:
65


«Балаларды, сыныпта ғана емес, жалпы 
мектепте де бұл жағдайға дайындау керек. 
Егер біз тәрбиелік жұмыстарды тұрақты 
түрде жүргізетін болсақ, балалар өздерінен 
не талап етілетінін түсінеді де, өздерін тиісті 
деңгейде ұстайтын болады». (3-мұғалім; ФГ9)
«Ең алдымен, сіз сыныптастарыңызды осы 
оқиғаға даярлауыңыз керек және осыдан 
кейін ғана мүгедектігі бар баланы алып 
келуіңіз керек». (11-мұғалім; ФГ9)
Бір тәрбиеші мүгедектігі жоқ балалар үшін 
бұл мүгедектік мәселесін жақсы түсіне алуы 
үшін «тәлімгерлік кампания» болатынын атап 
көрсетті. Бұл, өз кезегінде әлеуметтік қарым-
қатынасты жеңілдетуге көмектеседі: 
«Біз мұндай «мейірімділік» сабағын өткенде, 
балалардың көзін жұмамыз. Олар тікелей 
қарым-қатынас арқылы өздеріне қажетін 
іздеуі керек. Біз олардың құлағын бітейміз. 
Сосын мен олардан мені естіп ұрсыңдар ма 
деп сұраймын. Олар естімейтінін айтады. 
Мен олардан: «Бірдеңе айтқыларың келе 
ме, маған бірдеңені түсіндіргілерің келе 
ме?» деп сұраймын. Мен сосын баланың 
бір аяғын байлап, бір аяқпен секіруін 
сұраймын. Қане, осыдан кейін не болаты-
нын қарайық. Немесе біз оларды мүгедектер 
арбасына отырғызамыз. Біз балалардың 
біреуін мүгедектер арбасында әрлі-берлі 
сүйретеміз. Олар өз бетінше мүгедектер ар-
басында дәретханаға барып келуге талапта-
нуы керек. Олар оны істей ала ма? Осыдан 
соң балалар ойлана бастайды. «Иә, бұл шы-
нымен де қиын екен». Егер осындай сәттер 
балалар бақшасынан бастап, күндізгі күтім 
жасалатын орталықтарда және мектептер-
де қолданымды болса ... біз дәл осы сәттің 
өзінде-ақ балалардың мейірімдірек болуы 
және бір-біріне көмектесуі қажет екендігін 
түсіндіруге тырысамыз». (Директор; ИН3)
Осыған қарамастан, даярлық оқушылармен 
шектелмеуі тиіс. Мүгедектігі бар сыныптасын 
қабылдауға өз баласын даярлауы үшін ата-ана-
лар да бұл үдеріске қатысуы тиіс: 
«Балалар да , олардың ата-аналары да ашық 
болуы керек». (3-мұғалім; ФГ10)
«Мұның бәрі біздің мүгедектігі жоқ 
балалардың ата-аналарымен әңгімелесу 
жүргізуімізге және оларға мүгедектігі бар ба-
лалар да тура сондай бала екені туралы және 
басқа балалармен бірге оқуға құқығы бар 
екені ақпараттық-насихаттық семинарлар 
өткізуімізге байланысты оң шешімін тапты». 
(9-мұғалім; ФГ10)
Астана қ. Балаларға арналған психоневрологиялық 
медициналық-әлеуметтік мекемесінің мүгедектігі 
бар балаларға арналған күндізгі бөлімінде.
66


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
«Балалардың ата-анасымен жұмыс істеу 
керек. Балалардың ата-аналары түсінуі 
және осы идеяға қолдау білдіруі, содан соң 
өздерінің балаларына айтып беруі үшін пси-
хологтармен бірлесіп қандай да бір әдіс не-
месе түсінікті тәсіл әзірлеу қажет. Біз, мек-
тепте және балалар бұл жағдайға дайын 
болуы үшін... ата-аналар түсінуі тиіс, сосын 
өздерінің балаларына үйде әңгімелеп беруі 
тиіс». (9-мұғалім; ФГ9)
Оқытушылар мүгедектігі бар балалардың 
қоғамдық өмірге үйлесімді араласуын қолдау 
ісіне балаларды ғана емес, ата-аналарды да 
қатыстырудың маңыздылығын атап көрсетті. 
Көптеген мүдделі тарап топтарының инклюзивтік 
білім берудің маңыздылығы туралы осындай 
цитаталары оның маңыздылығын білдіреді. 
Көптеген ата-аналар мүгедектігі жоғары 
деңгейлі балалардың мамандандырылған мек-
тепке баруын жақтайды, онда оларға көлемі 
шағын сыныптар ұсынылады және даярлықтан 
өткен оқытушылар сабақ береді. Мұғалімдердің 
өздері де дәстүрлі білім берудің мүгедектігі бар 
балалар үшін шектеулер қоятынын құптайды, 
бірақ олардың көпшілігі үйде оқыту немесе 
мамандандырылған білім беруден басқа ортақ 
шешім іздеуді ұсынады.
Педагогтардың, ата-аналардың және 
балалардың өздерінің пікірлерін негізге ала 
отырып, білім беру саласындағы инклюзивтілік 
мәселесіне байланысты бірнеше күрделі 
аспектілер/кедергілер анықталды.
1. Баланың мүгедектік деңгейі инклюзивті 
сыныптардағы жұмыстың табыстылығын 
анықтауда маңызды фактор болып табы-
лады. Болмашы мүгедектігі бар балалар 
инклюзивті сыныпта өте жеңіл оқи алатын 
балалар дәрежесінде қарастырылды, ауыр 
интеллектуалдық кемістіктері бар балалар көп 
көңіл бөлуді және сыныптағы басқа жағдайды 
қажет етеді. 
2. Инклюзивті білім берудің бірінші тармағына 
барлық респонденттер қолдау білдірді. Ауыр 
мүгедектік форма белсенді, мамандандырылған 
күтімді талап ететін жағдайларды есепке 
алмағанда, мүгедектігі бар балаларды анық 
оқшаулауға ешкім қолдау білдірген жоқ. 
Респонденттердің көпшілігі жалпыға бірдей 
білім беретін мектептерде арнайы немесе түзету 
сыныптарын құруды дұрыс деп санайды.
3. Шағын көлемді сыныптар мүгедектігі бар 
оқушыларға да, мүгедек емес оқушыларға да, 
сонымен қатар мұғалімдерге де салауатты оқу 
ортасын қамтамасыз етеді.
4. Мұғалімдер санының оқушылар санына 
қатынасы логопед сияқты мамандарды тар-
ту және көмекші құралдарды қолдану сияқты 
мүгедектігі бар оқушылардың оқу үлгерімін 
қамтамасыз етуге көмектеседі. Мүгедектігі 
бар балаларға және мүгедектігі жоқ балаларға 
өнімді оқыту ортасын құруға көмектесу үшін 
мұғалімдер де, мамандар да үздіксіз білім беру 
және кәсіби даярлықтың қол жетімді болу-
ын қамтамасыз етуі керек. Бұл істерге көмек 
көрсету үшін мемлекет мамандандырылған 
оқыту курстарын, сонымен қатар арнайы 
мүгедектігі бар балаларға білім беруге арналған 
жоғары білім беру мекемесін ұсына алар еді.
5. Мүгедектік формасы әртүрлі балалардың 
қажеттіліктері де әртүрлі және мүгедектігі 
бірдей балалар да әртүрлі тәсілді талап етеді 
және өздерінің ерекше қажеттіліктері бола-
ды. Осы мақсатта кейбір респонденттер оқу 
бағдарламасын әрбір жеке баланың қабілетіне 
қарай бейімдейтін жеке оқыту жоспарларын 
әзірлеуді ұсынды.
6. Мүгедектік формасы әртүрлі балалар да 
болашақта өздерінің қызығушылығы мен 
қабілетіне қарай мүмкіндік алуы үшін кәсіптік-
техникалық даярлықтан өтуі тиіс. Мүгедектігі 
бар балаларға жұмыс және мансап сала-
сында кеңес берілуі тиіс және мүмкін болған 
жағдайда, арнайы кәсіптік-техникалық оқу 
бағдарламаларын жалғастыру қажет. 
7. Даярлық инклюзивті білім беруге сатылап 
өтуді қамтамасыз ететін негіз болып табылады. 
Мүгедектік мәселесін балалармен және ата-
аналармен олар мүгедектікке қорқынышпен 
немесе жиренішпен қарамауы үшін ашық және 
шынайы түрде талқылау қажет. Сыныптағы 
әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ету бой-
ынша күш салудың бір бөлігі стигманы жоюды 
қамтиды және оған қол жеткізудің маңызды 
құралы балалар мен ата-аналардың назарын 
мүгедектігі бар балалар ұшырасып отырған 
мәселелерге аудару болып табылады.
Білім беру саласындағы әлеуметтік 
интеграцияға қауіп төндіретін кедергілердің 
көпшілігін құқықтың «басқа» салаларынан 
да көруге болады. Келесі тарауда денсаулық 
сақтау секторындағы әлеуметтік интеграцияда 
қол жеткізген прогреске баға беріледі.
67




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет