Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
енгізуде шешуші рөл атқара алады. Ата-
аналардың бірі өз қызына басында церебрал-
ды сал диагнозы қойылғанын; бірнеше жыл-
дан кейін есту қабілетінің бұзылуы диагнозы
қойылғанын және салдан «жазылды» деген диа-
гноз қойылғанын мәлімдеді. Бұл диагноздар
мынандай салдарларға әкеп соқты:
«Алматыда балаларға арналған оңалту
орталығы бар екен. Онда нашар еститін ба-
лалар үшін жаңа бөлімше бар. Заң бойын-
ша бізді сонда жіберулері керек еді. Біздің
қолымызда екіжақты нейросенсорлық
құлақ мүкістігі деген анықтама бар... Бізді
осы орталыққа қаыблаудары тиіс болған.
Бірақ олар бізді онда қабылдамайды,
себебі біздің баламызға имплантат орна-
ту үшін ота жасалған. Олар әлі күнге дейін
бізді қабылдамай отыр, себебі баламыздың
эмоционалдық жағдайы тұрақсыз бо-
лып табылады, аздаған ақыл-ес кемістігі
байқалады... Қарағандыдағы неврологиялық
бөлімше де бізді қабылдаудан бас тартты,
себебі ЦС [церебралды сал] диагнозы алып
тасталды. Саңыраулыққа да қатысты бізге
осыны айтты, біз есту аппаратын тағуымыз
немесе имплантат орнатуымыз тиіс. Міне,
жағдай осы. Біз баламызбен бірге шешім табу
үшін шарқ ұрудамыз. Біз барлық жолдарды
қарастырудамыз. Қазір бала 8 жаста және
мектепке барып жүр. Ақыл-есі кем балаларға
арналған мектеп оны қабылдамайды. Олар
оның құлағы ғана естімейді дейді. Мылқау
балаларға арналған мектеп-интернатта
оның ақыл-есі кем дейді. Қысқасын айтқанда,
бұл бір шешуі жоқ мәселе болды». (6-ата-ана;
ФГ6)
Осы ананың жағдайы оның баласының кез кел-
ген білім беру формасына қатысуына кедергі
келтіріп отыр. Білім беру және денсаулық
сақтау тұрғысынан қамтамасыз етудегі
диагноздың күшті анықтаушы рөл атқаруы
күрделі мәселе болып тұр. Мұның шешімдерінің
бірі – диагностикалық стандарттарды енгізуге
қолдау жасау. Бұл медицина қызметкерлерін
оқытатын, босанғанға дейінгі және босанғаннан
кейінгі скринингті және ата-аналарға арналған
ақпаратты таратуды ынталандыруды қамтитын
көп кезеңді үдеріс болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: