Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет44/68
Дата07.10.2022
өлшемі3,63 Mb.
#152046
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

«басқа балалар сияқты болуы және қалыпты 
балалардың ортасында өсуі үшін» жалпыға 
бірдей білім беретін мектептерге баруын 
қалайтынын атап көрсетті. (2-ата-ана; ФГ5). 
Тағы бір ата-ана: 
«Өсуге ынталандыру болуы үшін. Біздің ба-
ламыз сау балаларды көреді және өзінің де 
сондай болатынына сенетін болады» дейді 
(6-ата-ана; ФГ5). 
Мүгедектігі жоқ балалармен әрекеттестіктің 
маңыздылығы тағы да атап көрсетілді, себебі 
«олар өз құрдастарымен, мұғалімдермен 
қарым-қатынас жасайды және оларды қуып 
жетуге тырысатын болады...»(7-ата-ана; 
ФГ5). 
Мүгедектігі жоқ балалардың ата-аналары да 
осыған ұқсас пікір айтты: 
«Жалпы алғанда, мұндай балаларды жалпыға 
бірдей мектепте оқыту идеясы дұрыс. 
Мұндай балаларды бөлек оқытқанда, олар 
тұйықталып қалады. Біз олардың кемістік 
сезімін бала күнінен дамытамыз, осының 
салдарынан оларды қоғамнан бөлектейміз 
және де олар немқұрайлы болып өседі, 
қоғамнан қорқатын болады, себебі біз олар-
ды бөліп тастадық, біз оларды көрмегендей 
болып жүреміз». (9-ата-ана; ФГ8).
«Егер мұндай балалар мектепте оқитын бол-
са, онда олар балалармен, мұғалімдермен 
қарым-қатынас жасайтын болады. Егер 
оларды үйде оқытатын болса, олар не 
көреді? Мұғалім аптасына екі рет үйіне 
барады да оқытады. Бала әрдайым үйдің 
төрт қабырғасына қамалып отырады. Ал 
мектепте әртүрлі деңгейдегі жарыстар, 
байқаулар өтеді. Біз бұл баланың сырқатына 
қарамастан, барлық іс-шараларға белсенді 
қатысуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті 
шаралар қолдануымыз керек. Біз оған осы-
лайша қолдау көрсете аламыз. Осылайша 
бала күн сайын алға баса береді.». (4-ата-
ана; ФГ8)
Оқытушылар да мүгедектігі бар балалар 
мен мүгедек емес балалардың бір сынып-
та оқуына оң пікір білдірді. Бірнеше мұғалім 
білім беру саласына қамту мүгедектігі бар 
балалардың болашақта қоғам өміріне арала-
суына және олардың қоғамнан тыс қалмауына 
көмектесетінін атап көрсетті:
«Егер мамандандырылған мектептер бол-
са, ата-аналар мүгедектігі бар балаларды 
қоғамнан аластап отыр деп түсінуі мүмкін. 
Егер сіздер орта мектептерде арнайы сы-
ныптар ашатын болсаңыздар, бұл барлық 
жағынан да дұрыс болады».(7-мұғалім; ФГ9)
Бір мектептің директоры мүгедектігі бар бала-
ларды білім беру мекемесіне енгізуге бірден 
бір қолдау көрсетіп, пікір айтты:
«Олардың әдеттегі орта мектепте оқығаны 
дұрыс. Біріншіден, бұл - олардың [мүгедектігі 
бар балалардың] өмір сүретін әлеуметтік 
ортасы. Олар осы әлемде өмір сүру үшін 
жылдамырақ дамиды әрі оқиды. Мен мұны 
өз балама қарап білемін. Егер мен өз балам-
ды арнайы мектепке жібергенімде, онда ол 
ешқашан қазіргідей болмас еді. Ол тұйық бо-
лар еді және сол ортада ғана уақыт өткізер 
еді. Бірақ ол қалыпты мектепке барды. Ол 
оны 10 жыл оқып бітірді. Ол барлық пәндерді 
жақсы оқыды. Екінші жағынан, сау бала мен 
мүгедектігі бар баланың қарым-қатынас жа-
сауы маңызды болып табылады». (Директор; 
ИН3) 
Осыған қарамастан, аралас сыныптардың 
табысы дайындауға, сонымен қатар оқитын 
балалардың жасына қатысты болады. Табысты 
инклюзивтік ортаны құру үдерісі жас балалар-
ды біріктіруді қамтитынын инклюзивтік мектеп 
директоры мәлімдеді: 
«...біз балаларды бірінші сыныптан 
қабылдаймыз. Біздің мектепке баланы ба-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет