152
қалдықтары глюкоза тҥзілуіне пайдаланылады, глкжонеогенез
артады.Диабет кезінде нәруыздардың тҥзілуі баяулайды.
Осыдан
бҧлшықеттердің
атрофиясы
дамиды,
қанда
гипопротеинемия
байқалады,
антиденелердің
тҥзілуі
жеткіліксіз болады. Сондықтан теріде және шырышты
қабықтарда іріңдік қабынулар, туберкулезбен ауыру қантты
диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.
Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы
бҧзылады. Бҥл кезде майлардың ыдырауы кҥшейеді, май
тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады. Осыдан
қанда майлардың жалпы деңгейі бірнеше есе кӛтеріледі.
Май қышқылдарьшың артық ыдырауынан ацетил-КоА кӛптеп
тҥзіледі.
Ацетил-КоА
Кребс
оралымында,
әдеттегідей
тотықпай, тіндерде жиналып қалады. Артық ацетил-КоА
диабет кезінде холестерин тҥзілуін кӛбейтеді. Сонымен
бірге бҧндай науқас адамдарға сырттан енгізілетін инсулин
артерия тамырларындағы тегіс салалы ет жасушаларының
ӛсіп-ӛнуін
кҥшейтеді.
Осыдан
келіп
бҧл
адамдарда
атеросклероз дамуына қолайлы жағдай пайда болады.
Ацетил-КоА-дан кӛптеген кетондық денелер тҥзіледі.
Осыдан кетоацидоз дамуы байқалады. Кетонды денелер
орталық жҥйке жҥйесіне уытты әсер етеді.
Қантты диабет кезінде тҥздар мен судың алмасуы
бҧзылады. Бҧл кезде калий иондарының алмасуы қатты
бҧзылады, оның жасуша ішінде тасымалдануы баяулайды. К
+
иондары жасуша сыртында және қанда жиналып қалады.
Артынан К
+
несеппен кӛп шығарылуынан оның қандағы деңгейі
тӛмендейді. Сонымен бірге қантты диабетпен ауыратын
адамдардың несебінде натрий иондары кӛбейеді.
Несепте глюкозаның, кетондық денелердің, азоттың,
натрий
мен
калий
иондарының
деңгейлері
кӛтерілуі
организмнен судың кӛптеп шығуына әкеледі. Сондықтан
қантты диабет кезінде тәулігіне 8—10 л несеп шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: