Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет132/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Диабеттік
кетоацидоз. 
Қантты диабет кезінде тіндерде 
кетондық денелердің тотығуы және олардың 
несеппен 
шығарылуы шектеледі. Содан организмде кетондық денелердің 
артық тҥзілуі ауыр кетоацидоз дамуына әкеледі. Кетоацидоз 
инсулиннің, бездік жеткіліксіздігі нәтижесінде, толық 
болмауынан дамиды. Ол организмде газдық емес ацидоз 
дамуымен, 
рН 
тӛмендеуімен, 
гипервентиляция, 
гиперкетонемия, 
кетонурия 
дамуларымен 
сипатталады. 
Ацетосірке 
және 
бетаоксимай 
қышқылдары 
организмнен 
натрий, калий және амоний катиондарымен байланыстырылып 
шығарылады. 
Натрий 
иондарының 
артық 
шығарылуынан 
организмнің сусыздануы, айналымдағы қан кӛлемінің азаюы, 


153
артериалық қан қысым мен бҥйрек шумақтарында несеп 
сҥзілудің тӛмендеуі, метаболизмдік ацидоз т.с.с жағдайлар 
байқалады. Осы ӛзгерістердің нәтижесінде 
диабеттік кома
дамиды. Бҧл .кезде жҥрек айну, қҧсу, сирек және терең 
Кусмауль тынысы пайда болады, сана-сезім бірде больш, 
бірде болмайды, қан қысымы кҥрт тҥсіп кетіп, коллапс 
дамиды. Қанда глюкозаның деңгейі 25 ммоль/л-ден астам, рН 
тӛмен болады. Несепте глюкоза мен кетондық денелердің 
мӛлшері кӛбейеді. 
Диабеттік кетоацидозды емдеу тәсілдері организмнің 
сусыздануын, 
гипергликемияны, 
ацидозды 
аластауға 
бағытталуы керек. Ол ҥшін организмге физиологиялық сҧйық, 
инсулин және гидрокарбонат немесе лактат сҧйықтарын 
енгізу қажет. Қазір ҧйқы безінің бета-жасушаларын науқас 
адамдарға ауыстырып отырғызу операциялары қолданылуда.
Гипергликемиялық, гиперосмостық қома. 
 
Диабеттік: команың бір тҥрі болып гипергликемиялық, 
гиперосмостық, кетогендік емес, кома есептеледі. Бҧл кома 
инсулинге тәуелсіз диабет кезінде ҧлғайған науқас 
адамдарда дамиды. Ол организмнің сусыздануымен, тырыспа-
селкілдек ҧстамаларымен және комамен сипатталады. Қанда 
глюкозаның деңгейі 55 ммоль/л-ден астам кӛтеріледі, ал 
кетондық денелердің мӛлшері кӛтерілмейді, кетоацидоз 
дамымайды. Бҧл кезде организмдегі бар инсулиннің деңгейі 
майлардың ыдырауын азайтуға жеткілікті болады, бірақ ол 
тіндердің глюкозаны пайдалануын қамтамасыз ете алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет