Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет135/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

 
Майлардың 
ыдыратылуы 
мен 
сіңірілуінің 
бҧзылыстары.
 
Ішектерде тағамдық май сіңірілуі ҥшін: 
● оның қалқыма тҥрге айналуы немесе эмульсиялануы
(лат. еmulsus — сҧйықта заттың ерімеген майда тамшылары 
араласқан жағдайда сақталу тҥрі);


156
● глицерин мен май қышқылдарына ыдырауы;
● ӛт қышқылдармен байланысқан қосындылар (холеинаттар) 
қҧруы - қажет. Сондықтан ҧлтабарға ӛт тҥспеуі немесе оның 
тым аз тҥсуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Ӛт 
жолдарының бітелуі, ӛт қабының қабынуы (холецистит) және 
ӛт шығарылу бҧзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір 
аурулары 
кездерінде 
тағамдық 
май, 
қалқыма 
тҥрге 
айналмауынан, сіңірілмейді. 
Ҧйқы безінің ферменттері (панкреатит, ҧйқы безінің 
некрозы т.с.с. кездерінде) ӛндіріліп шығарылмағанда 
немесе тым аз шығарылғанында ҧлтабарда майлардың май 
қышқылдарына, глицеринге дейін ыдыратылуы, содан олардың 
сіңірілуі бҧзылады. Сонымен қатар майлардың сіңірілуінің 
бҧзылуы ішектердің шырышты қабықтарындағы эпителий 
жасушаларының қызметі тӛмендегенде немесе ашішектің толқи 
жиырылуы кҥшейгенде болады. Бҧндай жағдайлар энтериттер, 
А және В гиповитаминоздар кездерінде байқалады. Ішек 
қабырғаларында 
фосфорлану 
ҥрдістері 
бҧзылғанда 
(монойодсірке қышқылымен, флоридзинмен улану кездерінде, 
бҥйрек 
ҥсті 
бездерінің 
сыртқы 
қабатының 
жеткіліксіздігінде 
майлардың 
сіңірілуі 
тӛмендейді. 
Тамақтың қҧрамында Са
2+
, Мg
2+
иондары кӛп болғанда, 
олармен май қышқылдарының ерімейтін тҧздары қҧрылады да, 
майдың сіңірілуі азаяды. 
Сіңірілмеген май негізінен ішектер арқылы, аз мӛлшерде 
май және тер бездерімен тері арқылы, сыртқа шығарылады. 
Май сіңірілуі бҧзылуынан ҥлкен дәретте ыдырамаған май мен 
кҥрделі май қышқылдары кӛбейеді, ол ақсҧр тҥсті болады. 
Бҧндай жағдайды 
стеаторея 
(грек. stear- май, грек. гһео - 
ағу) дейді. 
Май бездерімен тері арқылы майдың артық шығарылуы 
(себорея — май ағу) кейбір тері ауруларында (безеу, 
экзема және авитаминоздар кездерінде) кездеседі. 
Май сіңірілуінің бҧзылуы кӛптеген жағымсыз жағдайларға 
әкеледі. Қалыпты жағдайда организмде кӛмірсулардың алмасу 
ӛнімдерінен майлар мен липоидтер тҥзіледі. Осыған қарамай 
тағамда май міндетті тҥрде болуы қажет. Ӛйткені майлармен 
бірге майда еритін тіршілікке қажетті витаминдер А, Д, Е, 
К сіңіріледі. Сондықтан тамақпен организмге май тҥспесе 
кӛрсетілген витаминдердің жеткіліксіздігі дамиды. Сонымен 
қатар 
табиғи 
майлардың 
қҧрамына 
организмде 
алмастырылмайтын 
қанықпаған 
кҥрделі 
май 
қышқылдары 
(мысалы, линол-С
18
Н
32
О
2
және линолен-С
І8
НзоО

қышқылдары) 
кіреді. 
Олар 
басқа 
май 
қышқылдарынан 
организмде 
тҥзілмейді. Организмде олардын жеткіліксіздігінен терінің 


157
созылмалы (некроздық т. б.) аурулары дамиды. 
Майлардың ферменттік ыдырауының бҧзылуы кӛмірсулар мен 
нәруыздардың ішектерде ыдыратылуына теріс әсер етеді. Бҧл 
жағдайларда нәруыздар майлармен қоршалып, оларға ішек 
сӛлінің протеолиздік ферменттерінің әсері әлсірейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет