158
сҥт безі жасушаларында ӛндіріледі. Ол қан қылтамырларының
эндотелий жасушаларының сыртқы мембранасына жабысып,
хиломикрондар мен ӚТТЛП-ден ҥшглицеридтерді ажыратады да,
оларды бос май қышқылдарына және глицеролға дейін
ыдыратады Май қышқылдары әлбумин мен β-липопротеидтердің
сыртына сіңіп, ағзалар мен тіндерге тасымалданады.
Бауырда
бос
май
қышқылдарының
бір
бӛлшегінен
ҥшглицеглицеридтер, екінші жартысынан энергия тҥзіледі.
Майлардың тасымалдануы бҧзылыстарының бір кӛрсеткіші
болып
гиперлипемия
есептеледі. Бҧл кезде қанда майдың
мӛлшері литріне 2 ммольден асады. Гиперлипемия ауқаттық
(қоректік), тасымалдық (май қорларынан оның бауырға
тасымалдануы кҥшейгенде және ретенциондық (грек. retentio
- бӛгелу, кідірту) немесе бӛгелулік (майдың қаннан тінге
шығарылуы кідіруінен) болып кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: