162 Май тінінде май алмасуының бҧзылыстары. Май тінінде ҧдайы қарқынды алмасу ҥрдістері жҥріп
жатады. Онда майдың артық жиналуы тамақта кӛмірсулары
басым
болғанда
байқалады.
Инсулин
мен
пролактин
глюкозаның пентоздық және гликолиздік алмасуын
арттырып, май қҧрылуын кҥшейтеді. Ҥшглицеридтердің
тҥзілуі
мен ыдырауы
қандағы глюкозаның деңгейімен
реттелінеді. Онда глюкоза кӛп болғанда май қышқылдары
энергия тҥзілуге пайдаланылмай қорға жиналады. Керісінше,
глюкоза деңгейі қанда тӛмендегенде майдың қорларынан
босап шығуы байқалады. Бҧл ӛзін-ӛзі реттейтін ҥрдіс май
алмасуының кҥрделі жҥйкелік және эндокриндік реттеу
жҥйелерінің бір тармағы болып есептеледі.
Ҧзақ жан-дҥниелік кҥйзелістер майдың қорларынан босап
шығуына, адамның арьш-жҥдеуіне әкеледі.
Симпатикалық
жҥйке
жҥйесі
қозғанда
да
майдың
қорларынан босап шығуы кҥшейеді, ал бҧл жҥйенің әсері
әлсірегенде, керісінше, ол азаяды. Парасимпатикалық
жҥйкелердің қозуы кезінде денеде май жиналуы артады.
Соматроптық, тиреотроптық гормондар және тироксин майдың
май
тінінен
босап
шығуын
жҧмылдырады.
Сондықтан
балалардың ӛсуі кезінде және гипертиреозбен ауыратын
науқас адамдардың тым арықтығы байқалады. Гипофиздің
гормоны бета-липотропин майлардың ыдырауын арттырады.
Бҥйрек ҥсті бездерінің сыртқы қабатының
глюкокортикоидтық гормондары липолизді арттырып, май
тҥзілуін кемітеді. Бірақ олар кӛмірсулары алмасуына әсер
етіп, қанда глюкозаның деңгейін кӛтереді де, инсулиннің
тҥзілуін кӛбейтеді. Инсулин бауырда гликоген қорын
кӛбейтеді, майлардың май тінінен босап шығуын тежейді.
Сондықтан
Иценко-Кушинг
ауруы
кезінде,
кӛмірсулары
алмасуында пентоздық-фосфаттық циклді және глюкозаны
майға айналуын кҥшейтетін дигидрокортизонның тҥзілуі
кӛбеюінен, науқас адамдардың қатты толып кетуі байқалады.
Инсулин
майдың
қорларынан
шығуын
тежейді,
кӛмірсуларының
майға
айналуын
арттырады,
бауырда
гликогеннің
қорлануын
кҥшейтеді.
Қанда
глюкозаның
деңгейін тӛмендетіп, адамның тәбетін кӛтереді.
Кӛрсетілген
кҥрделі
нейрогуморалдық
реттеудің
бҧзылыстары денеде артық май жинап, адамды семіруге
әкеледі.