327
Иммундық жҥйенің бҧзылыстары
Иммундық жҥйенің бҧзылыстары мына тҥрлерде болуы
ықтимал:
● туа біткен немесе жҥре пайда болған иммундық
тапшылықты жағдайлар;
● аутоиммундық дерттер;
● аллергиялық серпілістер;
ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚТЫ ЖАҒДАЙЛАР.
Иммундық жҥйенің бір немесе бірнеше қҧрамбӛлшектерінің
болмауынан организмнің жҧқпаларға тӛзімділігі тӛмендеуімен
кӛрінетін жағдайларды иммундық тапшылықты жағдайлар дейді.
Иммундық
тапшылықты
жағдайларды
(ИТЖ)
туа
біткен
(біріншілік) және жҥре пайда болған (салдарлық) – деп
екіге ажыратады. Туа біткен ИТЖ ҧрпақтан ҧрпаққа тарайтын
тҧқым қуалайтын негізде дамиды. Салдарлық ИТЖ әртҥрлі
дерттер кездеріндегі организмнің ӛзінде пайда болған -
эндогендік
және адамды қоршаған ортаның химиялық заттармен
немесе иондағыш сәулелермен т.б. ластанулары нәтижесінде
сырттан әсер ететін ықпалдардан пайда болған –
экзогендік
болып ажыратылады.
ИТЖ кездерінде организмнің жҧқпаларға тӛзімділігі
азайып кетеді. Содан сәл суық тиюден, тіпті қалыпты
жағдайларда дерт туындатпайтын жҧқпалардың әсерлерінен
жҧқпалы аурулар жиі байқалады. Бҧл кездерде, жҧқпалы
аурулармен қатар, аллергиялық серпілістер, аутоиммундық
бҥліністер дамиды және кейде тіпті ӛспелер ӛсуіне қауіп-
қатер тӛнеді.
Достарыңызбен бөлісу: