326
Артынан жасушаның және оның кейбір бӛлшектерінің
қалпына
келуі
(регенерациясы),
гипертрофиясы
мен
гиперплазиясы
дамиды.
Осы келтірілгендермен бірге бҥгінгі кҥні жасушаға
бҥліндіргіш ықпал
(температураның ӛзгерістері, гипоксия,
химиялық заттар,
вирустық жҧқпа т.с.с.) әсер еткенде арнайы бір нәруыздар
ӛндірілетіні белгілі болды. Ол нәруыздарды ағылшынша -
heat shock proteins (HSP), орысша
- белки теплового шока
немесе белки стресса дейді, ал қазақша оларды
ауырпалық
нәруыздары
деуге
болады.
Бҧл
нәруыздар
жасушаны
бҥліндіргіш
ықпалдардан қорғап, оның тіршілігін сақтап
қалуға кӛмектеседі. Олардың ішінде молекулалық массасы 70
000 (hsp 70), 90 000 (hsp 90) ауыртпалық нәруыздары кең
тараған. Бҧлар
басқа нәруыздардың жиналуын, жиырылып
жазылуын реттеуге қатысады. Осыдан жасушада нәруыздық
топтамалардың
жиналып қалуынан сақтандырады, жасушаның
тӛзімділігін кӛтереді.
Жасушаның бҥлінген бӛлшектері фагоциттерді ӛзіне
тартатын заттар шығарады. Фагоциттер бҥлінген бӛлшектерді
жеп қояды. Жасуша ішіндегі қҧрылымдардың гиперплазиясы
дамып, жойылған жасуша бӛлшектерінің орны толтырылады.
Гиперплазия молекулалардың деңгейінде (гендердің саны
артуы, жаңа молекулалардың тҥзілуі кҥшеюі), жасуша
ішілік
қҧрылымдарда
(митохондрийларда,
рибосомаларда,
лизосомаларда ж. б.) және жасушалық деңгейлерде байқалады.
Кӛрсетілген икемделістік тетіктер жеткіліксіз болғанда
жасушаның тіршілігі қайтымсыз жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: