Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Ӛспе дамуындағы биологиялық ықпалдардың маңызы



Pdf көрінісі
бет328/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Ӛспе дамуындағы биологиялық ықпалдардың маңызы.
1908-1911 жылдары Раус тауық саркомасының жасушасыз 
сҥзіндісін сау тауықтарға енгізу арқылы осы ӛспенің 
дамитынын кӛрсетті. 1933 ж. Шоуп қоянға ӛспеден алынған 
осындай сҥзіндіні енгізіп, онда папиллома ӛспесін алды. 
1934 ж. Биттнер сҥт безі обырымен сырқаттанатын ақ 
тышқандарда 
«сҥт 
факторы» 
болатынын 
анықтады. 
Ақ 
тышқандардың ішінде бҧл обырмен жиі және сирек ауыратын 
таза тектік тҧқымдары болады. Егер сирек ауыратын 
тышқандардың тӛлдерін туа сала жиі ауыратын тышқандардың 
сҥтімен қоректендірсе, онда оларда сҥт безі обырының пайда 
болуы әжептәуір жиілейді. Жиі ауыратын тышқандардың жаңа 
туған тӛлдерін сирек ауыратын тышқандардың сҥтімен 
қоректендірсе сҥт безі обырымен олардың ауыруы сирейтіні 
кӛрсетілді. Кейінірек «сҥт факторының» негізінде вирус 
жататыны дәлелденді және оны Биттнер вирусы дейді. 
Қазіргі кҥні жануарлардың кейбір ӛспелері вирустардың 
әсерлерінен 
дамитыны 
ешқандай 
кҥмән 
келтірмейді. 
Егеуқҥйрықтар мен тышқандардың лейкозы, қоян, ит, сыйыр 
папилломалары, тауық саркомасы, бақаның бҥйрек обыры т. б. 
ӛспелердің этиологиясында вирустардың маңызы дәлелденген. 
Жануарларда ӛспе туындататын вирустардың 40-астам тҥрлері 
белгілі. Бҧл вирустар РНҚ-нан және ДНҚ-нан тҧратын болып 
бӛлінеді. 
.РНҚ-нан тҧратын ӛспе туындататын вирус онкорнавирус 
(грек. оnсоs - ӛспе, ағылш. RNA - РНҚ) немесе 
ретровирустар (лат. геtго - кері бағытта) деп аталады. Бҧл 
вирустарда кері транскриптаза (ревертаза) немесе РНҚ-
тәуелді 
ДНҚ полимераза деген фермент болады. Осы 
ферменттің 
қатысуымен 
гендік 
ақпарат 
вирустың 
РНҚ 
молекуласынан жасушаның ДНҚ молекуласына жазылады.
РНҚ-нан тҧратын вирустардың әсерлерінен: 
● тауықтардағы Раус саркомасы; 
● тышқандар мен тауықтардың лейкозы; 
● тышқандарда сҥт безінің обыры; 
● адамда Т-жасушалы лейкоз т. б. дамиды. Ересек 


390
адамдарда Т-жасушалық лимфолейкоз вирустың ықпалынан 
туындайды. Бҧл вирусты HTLV-1 (human Т-leukemia virus

адамның Т-лейкозының вирусы) деп атайды. Т-жасушалық 
лимфолейкозбен ауырған адамдардың қанында осы вирусқа 
қарсы 
антиденелердің 
болуы 
кӛрсетілген 
пікірдің 
дҧрыстығын дәлелдейді. 
ДНҚ-нан 
тҧратын 
ӛспе 
туындататын 
вирустар 
ДНҚ-
онковирустар деп аталады. Бҧл вирустардың әсерлерінен: 
● қояндарда Шоуп папилломасы; 
● тышқандардың полиомасы; 
● маймылдардың кӛпіршікті ӛспесі; Бҧл ҥш тҥрлі 
ӛспелердің 
вирустары 
Папова 
(папилома, 
полиома, 
вакуольдейтін вирустар деген атаусӛздерден алынған термин) 
тобына жатқызылатын вирустар делінеді.
● адамдарда папиллома, кандилома, Беркитт лимфомасы 
● В-гепатитінің вирусы, әсіресе афлотоксинмен бірігіп, 
әсер еткенде бауыр карциномасы т.с.с. дамиды. 
Адамда кездесетін герпесвирустар (герпес - ҧшық) ДНҚ-
онковирустарға жатады. Олардың ішінде Эпштейн-Барр вирусы 
(ЭБВ) сау адамдардың жҧтқыншақ-кӛмейлерінің шайындысында 
жиі кездеседі. 70-80% адамдардың қанында бҧл вирусқа қарсы 
антиденелер анықталады. Адамның В-лимфоциттерінің сыртқы 
беттерінде 
Эпштейн-Барр 
вирусын 
байланыстыратын 
рецепторлар 
бар. 
Осы 
байланыстың 
нәтижесінде 
В-
лимфоциттерінің жас лимфобластық тҥріне айналуы және 
инфекциялық мононуклеоз дамуы мҥмкін. Орталық Африка 
мемлекеттері тҧрғындарының балаларында Беркитт лимфо-масы 
жиі дамиды. Бҧл ӛспеден ЭБВ бӛлініп алынады және ол 
организмнен тыс жағдайларда сау жасушаны ӛспе жасушасына 
айналдыратыны дәлелденген. 
Қарапайым герпесвирустыи 2-тҥрі жыныстық қатынастармен 
беріледі және әйелдердің жатыр ернеуінде обыр дамуын 
туындатуы мҥмкін. 
Герпесвирустардың тағы бір тҥрі цитомегаловирус кең 
тараған жҧқпа. Соған қарамай ол қалыпты жағдайда ауру 
туындатпайды. Бірақ, организмде иммундық тапшылықты жағдай 
дамыса, кӛптеген ағзалардың бҥліністеріне әкеліп, Капоши 
саркомасы дамуына себеп болады. 
Вирустардың 
дерттілік 
кҥші 
бір 
жағынан 
олардың 
штаммасына, мӛлшеріне, организмге ену жолына, екінші 
жағынан қабылдайтын организмнің (реципиенттің) жасына, 
тектік, 
иммундық, 
гормондық 
т.с.с. 
жағдайларына 
байланысты 
болады. 
Мәселен, 
қҧстардың 
эритробластоз 
вирусын кӛктамырға енгізгенде лейкоз дамуына әкелсе, тері 
астына енгізгенде саркома дамытады. Раус вирусы тауық 
балапандарында тез ӛсетін, метастаза тарататын саркома, 


391
ал кәрі тауықтарда баяу ӛсетін ӛспелерді туындатады. 
Ӛспе туындататын вирустар ҥш сатыда әсер етеді: 
● бірінші сатысында жасуша ішіне еніп, онда ДНҚ 
молекуласымен 
бірігіп 
кетеді 
де, 
жасушаның 
тектік 
ақпаратын ӛзгертеді; 
● екінші сатысында ӛзгерген тектік ақпарат бойынша 
онконәруыздар мен мРНҚ тҥзілуін арттырады; 
● ҥшінші сатысында онконәруыздар жасушаның шексіз 
бӛлініп кӛбеюін арттырып, ӛспе жасушасына айналдырады. 
Ӛспе 
ӛсуіне 
әкелетін 
биологиялық 
факторларға, 
келтірілген 
вирустармен 
қатар, 
He-licobacter 
Pylori 
бактериясын жатқызуға болады. 
Осы кӛрсетілгендермен бірге ӛспе ӛсуіне әкелетін 
кӛптеген қауіп-қатерлі ықпалдарды ажыратады. Оларға: 
● зиянды әдеттер: 
♣ темекі шегу; 
♣ маскҥнемдік; 
♣ насыбай ату; 
♣ 
бейберекет 
жыныстық 
қатынастарда 
болу 
(промискуитет); 
● тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу, ысталған 
тамақты артық пайдалану, тағамда витаминдер, қанықпаған 
май қышқылдары жетіспеуі т.т.); 
● қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш 
сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады. 
Ӛспенің пайда болуы немесе болмауы кӛпшілік жағдайда 
организмнің, 
ең 
алдымен 
реттеуші 
жҥйелерінің 
жағдайларымен, оның даралық реактивтілігімен ӛте тагыз 
байланысты. 
Ӛспе 
дамуында 
жҥйкелік-эндокриндік 
және 
иммундық жҥйелердің маңызы ӛте ҥлкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет