Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Ӛспе дамуының этиологиясы



Pdf көрінісі
бет324/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Ӛспе дамуының этиологиясы.
Р. Вирховтың кӛзқарасы бойынша, ӛспенің себебі болып 
жасушалардың 
тым 
артық 
жиі 
тітіркенуі 
есептеледі. 
Тіндердің 
ҧзақ
мерзімде 
қайта-қайта 
тым 
қатты 
тітіркеністері жиі ӛспе дамуына әкелуі мҥмкін. Мәселен, 
Ҥндістанда 
Кашмир 
индустары 
қыздырыну 
ҥшін 
ішінде 
қыздырылған кӛмірі бар сары топырақтан жасалған ыдыстарды 
киім астында байлап жҥретін болған. Осының нәтижесінде жиі 
қайталанған кҥйіктерден іш терісінде обыр ӛспесі дамитыны 
байқалған. Бҧл обыр «Кангри обыры» деп аталған. 
Сонымен қатар темекіні тҥтікпен тартатын адамдардың 
еріндерінде, насыбай ататын адамдардың тілі мен ауыз 
қуысы тіндерінде обыр жиі дамитыны байқалады. Бірақ, 
қазір 
тітіркенулердің 
бәрінде 
бірдей 
ӛспе 
дамуы 
болмайтыны анықталды. 
Қазіргі кӛзқарастар бойынша ӛспе дамуына әртҥрлі 
(химиялық, 
физикалық 
және 
биологиялық) 
ықпалдардың 
әсерлері әкелуі мҥмкін. 
Ӛспе дамуындағы химиялық қосындылардың маңызы.
1775 
жылы 
Англияда 
Персивал 
Потт 
«мҧржа 
тазалайтындардың» обырын хабарлады: бала кҥнінен кӛп 
жылдар тҥтін шығатын мҥржаларды тазалайтын адамдардың ума 
терісінде, санының және қҧрсағының терілерінде обыр 


386
ӛспесі пайда болатыны байқалған. Бҧл обырдың себебі 
пештің кҥйесі (тас кӛмір жанғандағы пайда болатын 
ӛнімдер) болады деген пікір айтылды. Осыдан кейін кӛп 
зерттеушілер обыр ӛспесін жануарлардың терісіне тас кӛмір 
қара майын жағу арқылы тәжірибеде алуға кірісті. Тек, 
1918 жылы жапон зерттеушілері Ямагива мен Ишикава осы 
жолмен қоянның қҧлағында тері обырын алды. Осыдан бастап 
химиялық канцерогенезді жҥйелі тҥрде зерттеу басталды. 
Артынан әртҥрлі химиялық заттардың әсерлерінен ӛспенің 
басқа тҥрлері де дамитыны белгілі болды. Мәселен, 
адамдардың кәсібіне қарай (анилинді бояу ӛндірістерінде 
істейтін, 
автокӛліктердің 
жолдарын 
қаптайтын 
жҧмысшылардың араларында) ӛспе жиірек дамитыны анықталды. 
Ӛспе дамуына әкелетін химиялық заттар канцерогендер 
(обыр туындататындар) деп аталады. 
Барлық канцерогендер экзогендік және эндогендік болып 
бӛлінеді. Экзогендік канцерогендерге кӛптеген (1000-астам) 
қосындылар жатады:
● 
кӛп 
оралымды 
хошиісті 
кӛмірсутектер 
(диметилбензантрацен, фенантрен, 3, 4-бензпирен т. б.); 
● оралымды аминдер (нафтиламин, бензидин); 
● 
аминдік 
азоқосындылар 
(ортоаминоазотолуол, 
диметиламиноазобензол); 
● бейорганикалық химиялық заттар (хром, қорғасын, 
никель, бериллий, мышьяк, кадмий т. б.). 
Кейбір канцерогендер енгізілген жеріне қарамай тек 
белгілі ағзалар мен тіндерде ӛспе дамуына әкеледі. 
Мәселен, ортоаминоазотолуол және диметиламинобензол тек 
бауырда, бензидин немесе β-нафтиламин тек қуықта ӛспе 
дамуына әкеледі. Ал, кӛп оралымды қӛмірсутектер жиі 
енгізілген жерінде кез келген тіндердің ӛспесін шақырады. 
Ӛспе канцерогендік зат организмге тҥскеннен кейін ҥзақ 
уақыттан кейін дамиды. Обыр алды кезең организм ӛмірінің 
1:3-1:7 ҥзақтығына теңеледі. Ол адам ҥшін 12—18 жылға жуық 
болады. 
Барлық канцерогендік заттар екі ҥлкен топқа бӛлінеді. 
Олардың ең ҥлкен тобы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет