395
деректер ӛспенің пайда болуында және дамуында тҧқым
қуалаушылықтың белгілі маңызы бар екендігін кӛрсетеді.
Кӛптеген зерттеушілердің пікірі бойынша жыныстық жасушалар
арқылы
ҧрпаққа
ӛспе
дамуына
90-95%
жағдайларда
бейімділіктің
гені
беріледі.
Тҧқым
қуалау
бойынша
канцерогендердің әсерлеріне ӛспе дамуымен жауап қайтаратын
организм реактивтілігінің ерекшелігі берілуі мҥмкін. Бҧл
кездерде
организмде
ДНҚ
молекуласының
репарациялық
ауытқулары, иммундық, жҥйкелік және эндокриндік жҥйелердің
ерекшеліктері ӛспе дамуына бейімдеуі ықтимал. Ал 5-10 %
ӛспелердің ҧрпақтан ҧрпаққа тікелей тарауы, бҥгінгі кҥні
дәлелденген. Мәселен, ретинобластома Rb-генінің жоғалып
кетуінен, тоғышектің полипозы Эй-Пи-Си генінің болмауынан,
нейрофиброматоз
NF-генінің
делециясынан,
пигменттік
ксеродерма
ДНҚ
молекуласының
репарациялық
гендері
болмауынан дамиды. Сондай-ақ, ата-аналарынан ҧрпаққа ӛспе
дамуына қарсы жоғары тӛзімділік немесе тҧрақтылық та
берілуі мҥмкін.
Сыртқы
орта
ықпалдары
мен
организмнің
даралық
реактивтілігі ӛспелердің пайда болуын тездетуі немесе
баяулатуы мҥмкін.
Сонымен, ӛспелердің этиологиясы себепкер ықпалдармен,
олардың
макрорганизммен
арақатынасымен
және
ӛзара
әсерлерімен байланысты. Ӛспе даму ҥшін кӛптеген ықпалдар
бірігіп әсер ӛтуі мҥмкін. Ӛспе дамуы ӛзгеріп тҧратын
динамикалық ҥрдіс болғандықтан, ол кездегі себеп-салдарлық
арақатынастардың ҥдайы ӛзгеріп тҧруы маңызды орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: