397
● ДНҚ молекуласының бӛлікшелеріне кӛрші орналасқан
гендерді әсерлендіретін кҥшейткіш (промотор) (мәселен,
ӛспе туындататын вирустың гені)
қосылып кетуінен
протоонкоген белсенді онкогенге айналады.
Осыдан жасушаның бӛлініп кӛбеюі артып кетеді. Мәселен,
қалыптыдан ауытқыған эпидермистің ӛсу факторының рецепторы
ҧдайы белсенді жағдайда болады да, жасушалардың бӛлінуін
арттыратын жалған хабар жеткізіп тҧрады. Қалыптыдан
ауытқыған G-нәруыздар ГТФ молекуласын
ыдырату қабылетінен
айырылады да, бҧл молекула жасуша бӛлінуін ҧдайы сергітіп
тҧрады. Жасуша ядросында транскрипциялық факторлар кӛбейіп
немесе олардың белсенділігі артып кетуінен жасушалардың
бӛлінуін
сергітетін
гендердің
ӛршіп
кетуі
болады.
Онкогендердің
қадағалауымен
жасушалардың
ӛсіп-ӛнуін
арттыратын
онконәруыздар
тҥзіле
бастайды.
Осылардың
нәтижесінде жасушалар бақылаусыз ӛсіп-ӛніп кетеді. Бҧндай
жағдай организмнен аластанған тіндерді жасанды жағдайда
ӛсіргенде айқын байқалады. Ал, тҧтас организмде ӛспе даму
ҥшін тек бір немесе екі
онкогеннің әсерленуі әлі
жеткіліксіз болады. Ӛйткені қалыпты жағдайда жасушалардың
бӛлініп кӛбеюін тежейтін нәруыздар бӛгеп тҧрады. Олардың
тҥзілуін қадағайтын гендерді тежегіш (супрессор) гендер
дейді. Тҧтас организмде ӛспе ӛсуі ҥшін осы гендердің
белсенділігі жоғалып немесе тым қатты азайып кетуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: