Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Полицитемиялық гиповолемия



Pdf көрінісі
бет342/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Полицитемиялық гиповолемия
- қан сҧйығының басымырақ 
жоғалтылуынан, оның қоюлануымен кӛрінетін, жалпы кӛлемінің 
азаюы. Бҧндай жағдай организмнің сусыздануы кезінде 
байқалады. Бҧл кезде эритроциттердің
 
саны салыстырмалы 
тҥрде кӛбейеді. 
Қарапайым гиперволемия - 
қан кӛлемінің, эритроциттер 
мен плазма арасындағы қалыпты арақатынасы сақталуымен, 
кӛбеюі. Ол кӛп мӛлшерде қан қҧйғанда, ауыр қол жҧмысын 
атқарғанда кездеседі. 
Олигоцитемиялық гиперволемия
- қанның сҧйық бӛлігінің 
есебінде жалпы кӛлемінің кӛбеюі. Бҧндай жағдай бҥйрек 
қызметінің жеткіліксіздігінде, қанға нәруызды сҧйықтар 
кӛптеп қҧйғанда болады. 
Полицитемиялық гиперволемия
- қанның эритроциттердің 
есебінде жалпы кӛлемінің кӛбеюі. Бҧл гипоксияда, 
эритремия кездерінде байқалады (16-сурет). 


407
Қансырау 
Қансырау - 
қанаудан болатын айналымдағы қан кӛлемінің 
азаюына және қанның тасымалдық қызметінің тӛмендеуіне 
байланысты, 
гипоксияға 
бейімделу 
реакцияларымен 
сипатталатын, кҥрделі дерттік ҥрдіс. 
Бҧл кезде, қанның оттегін тасымалдауы бҧзылуымен 
қатар, қоректік заттарды ағзаларға, зат алмасу ӛнімдерін 
ағзалардан сыртқа тасымалдауы бҧзылған. Сол себептен 
қансырау жәй анемияға қарағанда ӛте кҥрделі де, ауыр 
ӛтеді. Себебі: айналымдағы қан кӛлемі азаюдан, ағзалардың 
қызмет 
атқаруына 
қажетті 
қоректік 
(глюкоза, 
амин 
қышқылдары, май қышқылдары) заттардың жеткізілуі және 
олардан 
зат 
алмасудың 
қышқыл 
ӛнімдерінің 
сыртқа 
шығарылуының бҧзылыстары ауыр гипоксиямен қабаттасады. 
Этиологиясы
. Қансырау мына себептерден болуы мҥмкін: 
● 
жарақаттанудан 
немесе 
дерттік 
ҥрдістерден 
(атеросклероз, 
ӛспе, 
туберкулез) 
тамырдың 
тҧтаетығы 
бҧзылуынан;
● тамыр қабырғаларының ӛткізгіштігі жоғарылауынан 
(жіті сәулелік ауру);
● қан ҧю ҥрдісінің бҧзылыстарынан (қанағыштыққа 
бейімдік, гемофилия т.б.). 
Патогенезі.
Қансыраудың ӛтуі мен салдарлары онын 
жылдамдығынан, мӛлшерінен, бҥлінген тамырдың тҥрінен, 
организмнің икемделістік мҥмкіншіліктерінен және олардың 
қосылу жылдамдығынан, организмнің жынысы мен жасынан, қан 
кетуге дейінгі және сонымен қатар болған жағдайларынан 
(суық тию, жарақаттану, жҥрек аурулары, наркоз) байланысты 


408
болады. Адамның ӛміріне 50% қан кету қатерлі, 60%-дан кӛп 
қан кеткенде адам мҥлде кӛз жҧмады. 
Қансырау кезін шартты тҥрде ҥш сатыға ажыратады: 
● бастапқы сатысы; 
● икемделістік сатысы; 
● ақтық сатысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет