Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Ӛспе ӛсуінің ҥдеуі (ӛршуі)



Pdf көрінісі
бет338/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Ӛспе ӛсуінің ҥдеуі (ӛршуі). 
Ӛспе жасушаларының тҧрақты сапалық ӛзгеруі және 
ҥдемелі тҥрде қатерлі қасиеттерін кҥшейтуін ӛспе ӛсуінің 
ҥдеуі немесе прогрессиясы дейді. Ол ӛспе дамуының ҥшінші 
сатысы. Ӛспе тҥйінінің кӛлемі ғана ҧлғайып қоймай, ол 


401
ҧдайы сапалық ӛзгерістерге ҧшырайды және ӛсу дербестілігі, 
айналасындағы тіндерді ыдыратып ӛсуі, басқа ағзаларға 
метастаза тарату және қоршаған ортасына бейімделу т.с.с. 
жаңадан қабылдаған қасиеттерін арттыра береді.
Ӛспе ӛсуі ҥдеуінің ең негізгі заңдылығы болып, қатерлі 
ӛспелерге тән белгілерінің (атипиясы, бақылаусыз ӛсуі, 
инвазиялық ӛсуі, метастаза таратуы т. с. с.) бірімен бірі 
байланыспай, әр жасушада ӛз беттерінше пайда болуы 
есептеледі. Ӛспе тҥйіні басында ӛспе жасушасына айналған 
бір жасушаның туынды (моноклондық) жасушаларынан тҧрады. 
Бҧл 
жасушалар 
басында 
біркелкі 
даму 
сатыларындағы 
жасушалардың 
ӛскіндерін 
(клонын) 
қҧрастырады. 
Ӛспе 
жасушаларында 
кариотиптің 
кӛптеген 
ӛзгерістері 
(анеуплоидия, гиперплоидия), хромосомалардың ауытқулары 
(делециясы, транслокациясы, амплификациясы) және гендердің 
мутациясы байқалады. Ӛспе ошағында әр тҥрлі кариотиптері 
бар жасушалар кӛптеп кездеседі. Осыдан ӛспе жасушалары әр 
текті болып кетеді. Осындай жағдайды 
геномның тҧрақсыздығы
дейді.Ол қалыпты жасушаларда ешқашан болмайды. Геномдық 
тҧрақсыздықтан ӛспе тҥйінінде әр текті жасушалардың жаңа 
ӛскіндері пайда болады. Осылай ӛспе тҥйіні поликлондық 
жасушалардың жиынтығына айналады. Олар әртҥрлі даму 
сатыларында болып, әртҥрлі қатерлі қасиеттерге ие болады. 
Организмнің қорғаныстық кҥштеріне қарсы тҧра алатын 
жасушалардың ӛскіндері іріктеліп, сақталып қалады және 
қатерлі ӛспе жасушаларының ӛсіп-ӛнуі ҥдеп кетеді.. Ӛспе 
ӛсуінің 
ҥдеу 
тҥрі 
қоршаған 
ортасына 
байланысты 
болғандықтан алыста орналасқан ағзаға тараған метастазалар 
алғашқы ӛспе тҥйінінің қасиеттерінен ерекше сипаттар 
қабылдауы мҥмкін. Сондықтан жасушалардың бӛлініп-кӛбеюін 
тежейтін 
дәрі-дәрмектерге 
(цитостатиктерге) 
бҧл 
метастазалардың сезімталдығы да әртҥрлі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет