387
дәрілермен тҥсетін нитраттар мен нитриттер асқазанда тҧз
қышқылының әсерінен нитрозаминдерге ауысып, жиі ӛспе
дамуына
әкеледі.
Содан
диэтилнитрозамин
бауыр
мен
ӛңештің, метилнитрозомочевина мидың ӛспесіне әкеледі.
Кейбір канцерогендік заттар тамақтануға пайдаланылатын
ӛсімдік
табиғатты
заттарда
кездесулері
мҥмкін.
Саңырауқҧлақтар Aspergillus flavium,
қуатты канцерогендік
қасиеті бар,
афлатоксин
тҥзеді. Жаңбырлы жылдары жерде
жатып
ӛсетін
жаңғақтар
(арахис)
осы
саңырауқҧлақ
ӛндіретін
афлаток-синмен
зарарланады.
Сонымен
бірге
жҥгері, кҥріш дәндері де осы аталған майда саңырауқҧлақ
ӛнімімен зарарлануы ықтимал.
Канцерогендік заттар кейбір тағамдарды (шҧжық, қазы,
балық т. с. с.) тҥтінмен ыстаудан,
тағам дайындауда
майларды бірнеше рет қайталап қуырудан, шайды еселеп шоқ
ҥстінде
ҧзақ
қайнатудан
т.с.с.
жағдайлардан
пайда
болулары мҥмкін.
Трансплаценталық канцерогенез.
Буаз
егеуқҥйрықтардың
денесіне
аз
мӛлшердегі
канцерогендік
затты енгізгенде, олардың ӛздері ауырмай,
олардан
туған
тӛлдерінің
әртҥрлі
ағзаларында
ӛспе
дамитыны байқалған.
Жҥкті әйелдер диэтилстилбестерол (жасампаздық жолмен
алынған фолликулин) қабылдаса,
олардан туған қыздардың
қынабында эпителий жасушыларының обыр ӛспесі пайда болу
мҥмкіншілігі бар екені байқалды.
Осы кӛрсетілгендерден жҥктілік кезінде әйелдердің
организміне аз мӛлшерлерде тҥскен ӛспе туындатын химиялық
затгар (мәселен, темекі шегу т. с. с.)
бала жолдасы
арқылы ҧрыққа ӛтіп, әсер етуінен әртҥрлі ӛспелердің жас
балаларда даму мҥмкіншіліктері пайда болады.
Канцерогендік заттар ДНК молекуласымен байланысып
жасушалардың гендік ақпаратын ӛзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: