Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жҥре пайда болған гемолиздік анемиялар



Pdf көрінісі
бет356/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

 
Жҥре пайда болған гемолиздік анемиялар. 
 
Бҧл анемиялар эритроциттердің мембранасы әртҥрлі 
әсерлерден бҥлінуінен, кӛбінесе тамыр ішіндегі гемолизбен 
байланысты, дамиды. Тез дамитын гемолизге гемоглобиннің 
несепте пайда болуы (гемоглобинурия) тән. 
Этиологиясы.
Эритроциттердің 
гемолизін 
химиялық, 
физикалық, механикалық, биологиялық ықпаллар туындатуы 
мҥмкін. 
● 
химиялық 
ықпалдарға: 
мышьяк, 
қорғасын, 
мыс 
қосындылары, нитробензол, фенилгидразин, хлорамин т.с.с. 
жатады. Бҧл заттардың кӛпшілігінің әсер ету жолдарының 
негіздерінде эритроциттердін мембранасында майлардың асқын 
тотығуын туындатуы жатады; 
● физикалық және механикалық ықпалдарға: ыстық және 
суық температуралардын, жасанды жҥрек қақпақшалары мен қан 
тамырларының әсерлері, ҧзақ алыс жолдарда жаяу жҥргенде 
эритроциттердің механикалық бҥлінуі т. б. жатады; 
● биологиялық ықпалдарға: жылан немесе ара улары, 
саңырауқҥлақ уы, вирустар, кейбір жҧқпалы және қҧрттық 
аурулар (безгек, сепсис, мерез, туберкулез т. б.) 
кездеріндегі 
эритроциттердің 
гемолизі 
және 
олардың 
иммундык гемолиздері жатады. 
Иммундық гемолиздерде эритроциттердің мембранасының 
қҧрылымы ӛзгеруінде антиденелер қатысады. Бҧл иммундық 
серпілістердегі қатысатын антиденелердің табиғатына қарай 


424
изоиммундық, аутоиммундық және гаптендік анемиялар болып 
бӛлінеді. 
Изоиммундық гемолиздік анемиялар организмге қҧйылған 
қанның топтық, резус факторлық т. б. сәйкессіздіктерінде 
дамиды. Біріншісі (АВО) тобы бойынша сәйкес емес қан 
қҧйғанда байқалады. Екіншісі резус-оң нәрестелерде резус-
теріс 
аналардың 
организмінде 
тҥзілген 
антирезустық 
антиденелер эритроциттердің гемолиздеріне әкеледі, сӛйтіп 
жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруы дамиды. 
Аутоиммундық гемолиздік анемия эритроциттердің сыртқы 
беттерінде ӛз антигендеріне қарсы арнайы антиденелердің 
болуымен 
байланысты. 
Бҧл 
антиэритроциттік 
аутоантиденелердің 
қалыптасу 
негізінде 
иммундық 
шыдамдылықтың (толеранттықтын) жоғалуы жатады. Бҧл кезде 
иммуно-циттердің 
соматикалық 
мутациясы 
нәтижесінде 
эритроциттердің 
қалыпты 
антигендеріне 
антиденелер 
ӛндіріледі. 
Гаптендік 
гемолиздік 
анемия 
дәрілермен, 
кейбір 
химиялық заттармен байланысты дамиды. Кейде антиденелермен 
дәрілер 
(пенициллин) 
эритроциттердің 
сыртқы 
бетінде 
байланысып, гемолиз шақыра алады. Басқа жағдайларда 
(фенацетин, парааминосалицил қышқылы, сульфаниламидтер т. 
б.) тҥзілген антиденелер (IgG, IgM) қанайналымдарындағы 
бос айналып жҥрген дәрілермен қосылады да, иммундық кешен 
(ИК) (антиген (дәрі) + антидене) қҧрады. Бҧл ИК қан 
жасушалаларына жабысады да, комплементті әсерлендіріп, 
гемолиз туындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет