425
алады. Эритроциттердің кӛлемі 46%-ға кӛбейгенде олардың
мембраналарының тесіктері 6 нм-ден асады, гемоглобиндері
қан плазмасына шығады, гемолиз дамиды.
Жҥре
пайда
болатын
кӛпшілік
анемияларда
эритроциттердің гемолизі тамыр ішінде болады. Ал резус
сәйкессіздікте (жаңа туған балалардың гемолиздік ауруы)
антирезустық антиденелер (агглютининдер) нәрестенің резус-
оң эритроциттерінің гемолизін негізінен бауырда және
кӛкбауырда туындатады. Мҧндай гемолизді тамыр сыртындағы
немесе жасуша ішіндегі гемолиз дейді. Бҧл кезде тамыр
ішіндегі гемолиз аз мӛлшерде болады.
Эритроциттердің тым артық ыдырауынан қанның тыныстық
қызметі бҧзылады, гипоксия дамиды. Бҧл кезде босаған
гемоглобин қан плазмасына тҥседі (гемоглобинемия) және
гаптоглобинмен қосылып, бҥйрек сҥзгісінен ӛтпейтін, кесек
молекулалы кешен қҧрады. Егер плазмада бос гемоглобиннің
деңгейі тым кӛп болса (20,9 мМ/л-ден астам) немесе
гаптоглобиннің мӛлшері аз болса, онда гаптоглобинмен
байланыспаған
гемоглобин
несеппен
шығарыла
бастайды
(гемоглобинурия), гемоглобиннің біразы макрофагоциттермен
жҧтылады және гемосидеринге дейін ыдырайды. Осыдан
кӛкбауырдың,
бҥйректің,
бауырдың,
сҥйек
кемігінің
гемосидерозы дамиды, соған жауап ретінде дәнекер тіннің
артық ӛсуі бҧл ағзалардың қызметтерінің бҧзылуына әкеледі.
Гемоглобиннен ӛт нілдерінің (пигменттерінің) артық қҧрылуы
гемолиздік сарғыштануга әкеледі.
Бҧдан басқа эритроциттердің тамыр ішіндегі гемолизі
қан қатпаларының (тромбылардың) пайда болуына және ағзалар
мен мҥшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің бҧзылыстарына,
содан аяқ-қолдардың трофикалық жаралары, кӛкбауырда,
бҥйректе, бауырда дистрофиялық ӛзгерістердің дамуына
әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: