428
қҧрады. Бҧл кешенді жаңа дамып келе жатқан эритроциттер
жҧтып, темірін босатып алады. Ал, рецептор-трансферрин
оның сыртына шығарылады. Темір ферритинмен байланысады.
Ферритин – темір иондарын уытсыздандырған тҥрінде қорға
жинайтын жасуша ішінде болатын нәруыз. Ары қарай керек
кезінде темір осы қорынан шығарылып, гемоглобин тҥзу ҥшін
пайдалынылады. Ферритиннің әрбір молекуласы темірдің 4500
атомына
дейін
байланыстыра
алады.
Оның
біразы
гемосидеринге ауысады. Ол темірді артық мӛлшерде, бірақ
суда ерімейтін тҥрінде, байланыстырады. Ер адамдардың
денесінде әрбір кг дене массасына 50мг, әйелдерде – 40мг
темір болады. Оның 28-31 мг/кг- гемоглобиннің, 4-5 мг/кг-
миоглобиннің, қҧрамында, 12 мг/кг-ферритин мен гемосидерин
тҥрлерінде, ал 2 мг/кг-дайы темірі бар ферменттердің
қҧрамын енеді. Темірдің қоры бауырда, сҥйек кемігінде,
кӛкбауырда және бҧлшықеттерде жиналады. Темірдің денедегі
қорын қандағы ферритиннің, темір мен трансферриннің қанығу
мӛлшерін
анықтау
арқылы
жорамалдауға
болады.
Бауы
ферритинді организмдегі бар темірдің мӛлшеріне қарай
ӛндіреді. Сондықтан қандағы ферритиннің мӛлшері денедегі
темір қорының маңызды кӛрсеткіші болып есептеледі. Оның
мӛлшері 12 нг/мл-ден аз болса, ол организмде темірдің
тапшылығын кӛрсетеді.
Сонымен бірге денедегі темірдің қорын трансферриннің
темірмен қанығу дәрежесімен де анықтауға болады. Бҧл
кӛсеткіш
қан
плазмасында
темірдің
мӛлшерімен
трансферриннің арақатынасы (Fe/трансферрин● 100%). Ол
қалыпты жағдайда 20%-дан астам болады. Оның аздығы
организмде темірдің тапшылығын кӛрсетеді.
Организмде темірдің сҥйек кемігінде оның мӛлшерін
анықтау арқылы білуге де болады. Онда темір табылса оның
тапшылығы жоқ болғаны, ал табылмаса – темір тапшылықты
анемия деп ешбір кҥмәнсіз айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: