Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет469/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Сыртқы 
тыныс 
жеткіліксіздігінің 
 
клиникалық 
кӛріністері. 
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің кӛріністері 
спецификалық 
және 
бейспецифкалық 
болып 
екі 
топқа 
ажыратылады.
Оның спецификалық кӛріністері – деп тыныс алудың 


562
жеткіліксіздігіне ғана тән әйгіленімдерді айтады. Оларға 
артериялық гипоксемия мен гиперкапния жатады. 
Бейспецификалық 
кӛріністеріне, 
тыныс 
алудың 
жеткіліксіздігінде ғана емес, басқа жҥйелердің (мәселен, 
қан, жҥрек-қан тамырлар жҥйелерінің) аурулары кездерінде 
де байқалатын әйгіленімдерді жатқызуға болады. Бҧларға: 
● тыныс алудың жиілігі мен ырғағының ӛзгерістері; 
● тері мен шырышты қабықтардың кӛгілдірленуі (цианоз); 
● ентік; 
● әртҥрлі дерттік тыныстар - жатады.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің клиникалық тҥрлері.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің спецификалық кӛріністеріне 
қарай оның: 
● гипоксемиялық немесе ҧлпалық тыныс жеткіліксіздігі 
(I-тҥрі); 
● гиперкапниялық-гипоксемиялық немесе вентиляциялық 
тыныс жеткіліксіз -дігі (II- тҥрі) -деп екі тҥрін 
ажыратады. 
Гипоксемиялық тыныс жеткіліксіздігі 
кезінде артериялық 
қанда оттегінің ҥлестік қысымы с. б. 60 мм-ден тӛмендеп 
кетеді. Ол ӛкпе ҧлпасының ауыр бҥліністерінен және тӛменгі 
майда тыныс жолдарының ауруларынан дамиды. Оның даму 
жолдарында: 
♣ ӛкпе ҧяшықтары мен қылтамырлар қабырғалары арқылы 
газдардың диффузиясының бҧзылыстары; 
♣ 
ҧяшықтардың 
желдетілуі 
мен 
олардың 
қанмен 
қамтамасыз етілуінің арақатынасы бҧзылыстары;
♣ веналық қанның, ӛкпе тамырларына тҥспей, тікелей 
сол жақ жҥрек қуыстарына ауысуы; 
♣ дем алатын ауада оттегінің ҥлестік қысымы қатты 
азайып кетуі – маңызды орын алады. 
Артериялық гипоксемияның нәтижесінде мидың, жҥректің, 
бҥйректің т.б. ішкі ағзалардың жасушаларында гипоксия 
дамиды. Шамалы гипоксемиядан адамның парасаты, кӛз кӛруі 
тӛмендейді. Артериялық қанда оттегінің ҥлестік қысымы 
(рО
2
) сынап бағанасы бойынша 50 мм-ден азайғанда адамның 
масаттануы болып, ӛз жағдайын бағалай алмайды, ҧйқы басады 
және сана-сезімі қарауытады. Ол одан ары азайғанда естен 
тану, тырыспа-селкілдек дамып, мидың бҥліністері пайда 
болады. Гипоксемия кезінде жҥрек қағуы, артериялық қысым 
кӛтерілуі болып, артынан брадикардия және гипотензия 
дамиды. Басында тыныс алу жиілеп (гиперпное), артынан ол 
сирейді, брадипное дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет