Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Гиперкапниялық-гипоксемиялық



Pdf көрінісі
бет470/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Гиперкапниялық-гипоксемиялық 
тыныс 
жеткіліксіздігі 
ӛкпе ҧяшықтарының гиповентиляциясы нәтижесінде дамиды. Бҧл 
кезде организмнен кӛмірқышқылы газының сыртқа шығарылуы 


563
азайып, қанда оның деңгейі кӛбейіп кетеді. Қанда бҧл 
газдың ҥлестік қысымы с. б. 45 мм-ден астам кӛтеріледі. 
Осыны гиперкапния дейді. Гиперкапнияның деңгейі ӛкпе 
ҧяшықтарының желдетілуі азаюынан тікелей байланысты болады 
Осыдан қанда қышқылдық-сілтілік ҥйлесімділіктің бҧзылуы 
байқалады, газдық ацидоз дамиды. Артынан гипоксияның 
нәтижесінде газдық емес, метаболизмдік ацидоз қосылады.

Гиперкапнияның нәтижесінде ми тамырлары кеңіп, бас 


сҥйек ішінде қысым кӛтеріледі. Содан бас ауыруы, кӛңіл-
кҥйдің қобалжуы, діріл пайда болады. Артынан естен тану 
болып, кома дамиды. 
Сыртқы 
тыныс 
жеткіліксіздігінің 
бейспецификалық 
кӛріністері. 
Тыныс алудың жиілігі мен ырғағының ӛзгерістері терең 
жиі тыныс, терең сирек тыныс, ҥстіртін жиі тыныс, ҥстіртін 
сирек тыныс, инспирациялық ентік, экспирациялық ентік және 
ҥзілісті тыныстар тҥрлерінде байқалады. 
Терең жиі тыныс 
гиперпное 
делінеді. Ол қол жҧмысын 
атқарғанда, гипоксемия, ацидоз, асқын қызыну кездерінде 
тыныс алу орталығы қозуынан дамиды. 
Терең сирек тынысты
брадипное
дейді. Ол организмге 
оттегі 
кӛп 
тҥсуінде, 
кезбе 
жҥйкенің 
межеқуаты 
кӛтерілгенде, 
тыныстық 
орталықтың 
қозымдылығы 
тӛмендегенде, 
артериялық 
қысым 
кӛтерілгенде 
т.с.с. 
жағдайларда байқалады. 
Ҥстіртін жиі тыныс 
тахипное 
немесе 
полипное 
делінеді. 
Ол тыныстық орталықтың қозымдылығы кӛтерілгенде, ӛкпе 
тінінің бҥліністері (пневмония, ателектаз, эмфизема т.б.) 
нәтижесінде тыныстық беттің азаюы кезінде, симпатикалық 
жҥйке жҥйесінің межеқуаты кӛтерілгенде, артериялық қысым 
тӛмендегенде, гипоксемия кездерінде дамиды.


564
- сурет. Дерттік ӛзгерген тыныс алудың тҥрлері. 
1- қалыпты тыныс, 2- терең жиі тыныс, 3- терең сирек 
тыныс, 4- ҥстіртін жиі тыныс, 5- ҥстіртін сирек тыныс, 6- 
инспирациялық ентік, 7- экспирациялық ентік, 8- Чейн-Стокс 
тынысы, 9- Биот тынысы, 10- Кусмауль тынысы. 
Ҥстіртін сирек тыныс жантәсілім алдында байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет