Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет471/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Ентік (грек. dyspnoe)
алқыну тҥсінігінен ерекше 
тҥсінік. Алқынуға қол жҧмысын атқарғанда дамитын терең жиі 
тынысты немесе гиперпноены жатқызуға болады.Ол туындатқан 
себепкер ықпал жойылғаннан кейін қалыпты тынысқа айналады. 
Ал ентік 

тыныс алу бҧлшықеттерінің ҧдайы ауыр жҧмыс 
атқаруынан адамда ауа жетіспеу сезімімен қабаттасатын ӛте 
ауыр 
сезім. 
Ол 
жиі 
ҥрейлену, 
қорқыныш, 
абыржу 
сезімдерімен қабаттасады. Бҧл сезімдер тыныс алуға 
қатысатын бҧлшықеттердің проприоцепторларынан жҥйкелік 
серпіндердің мидың жоғарғы бӛліктеріне, одан лимбикалық 
жҥйеге таралуынан пайда болады. Бҧл кезде тыныс алу 
қозғалыстарының тереңдігі мен жиілігінің, демді ішке тарту 
мен сыртқа шығару ҧзақтығының, тыныс алу ырғағының 
ӛзгерістері байқалады және демді ішке тарту орталығы ҧдайы 
қозу 
жағдайында 
болады. 
Ентік 
инспирациялық 
және 
экспирациялық ентіктер – деп ажыратылады. 
Оның 
даму 
жолдарында 
мидағы 
демді 
ішке 
тарту 
орталығының қоздырылуы мына ықпалдардан болуы мҥмкін: 
● ӛкпенің механикалық рецепторлары қозуынан; 
● 
тыныс 
алуға 
қатысатын 
бҧлшықеттердің 
проприоцепторлары қозуынан; 
● 
мидың 
сыртқы 
қыртысынан 
серпіндердің 
тыныс 
орталығына тарауынан; 
● оттегінің жетіспеушілігімен, кӛмірқышқылы газының 


565
артықтығымен, қышқыл ӛнімдермен, ыстық қанмен тыныс алу 
орталығы нейрондарының тікелей қоздырылуынан; 
● қолқа иініндегі 
хеморецепторлардың кӛрсетілген 
заттармен қоздырылуынан; 
● 
ӛкпенің 
аралық 
тіндері 
рецепторларының 
қоздырылуынан. 
Инспирациялық ентік 
— демді ішке тартудың ауырлауымен 
және оның ҧзаруымен сипатталады (-сурет. 6). Ол жоғарғы 
тыныс жолдары мен кеңірдек саңылаулары тарылғанда (кҥл 
ауруы, тамақ ісінулерінде, дыбыс байламдары жиырылғанда, 
бӛгде зат тамаққа тҧрып қалғанда) дамиды.
- сурет. Кеуде қуысы сырты мен ішіндегі тыныс алу жолдары 
тарылғандағы тыныс алу ерекшеліктері. 
Демді сыртқа шығару кезінде тыныс алу жолдарында 
ауаның қысымы олардың сыртындағы қысымнан жоғары болады 
да, оған бӛгет азаяды. Демді ішке тарту кезінде тыныс алу 
жолдарында ауаның қысымы олардың сыртындағы қысымнан
тӛмен болғандықтан бӛгет одан сайын тарылады (-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет