568
ҥрдістерге жатқызады.
Гипоксияны
жіктеудің
бірнеше
тҥрлері
бар.
Ӛту
жылдамдығы бойынша:
● қауырт - бірнеше секундтың ішінде дамитын; мәселен
цианидтермен уланғанда;
● жіті - бірнеше минуттың ішінде дамитын; мәселен,
асфиксия кезінде, ауыр қансыраудан кейін, қатты иіс
тигенде, сілейме, коллапс кездерінде, ӛкпе ісінуі
нәтижесінде;
● созылмалы - бірнеше аптадан, айлар-жылдар бойы
созылатын гипоксияның тҥрлерін ажыратады.
Созылмалы
гипоксия
ҧзақ
ӛтетін
ӛкпе
аурулары
кездерінде, жҥрек әлсіздігі, анемиялар т. с. с. дерттердің
нәтижесінде біртіндеп дамиды.
Пайда болу себептері мен даму жолдары бойынша И. Р.
Петровтың (1949) ҧсынған жіктеуі әлі маңызын жоғалтқан
жоқ. Бҧл жіктеу бойынша барлық гипоксия екі ҥлкен топқа
ажыратылады:
● экзогендік гипоксия;
● эндогендік гипоксия.
Экзогендік гипоксия дем алатын ауада оттегінің
ҥлестік қысымы тӛмендеуінен дамиды.
Эндогендік гипоксия организмнің әртҥрлі аурулары
нәтижесінде байқалады. Бҧл гипоксияны пайда болу себебіне
және даму жолдарына қарай И. Р. Петров:
♣ тыныстық немесе респирациялық;
♣ қанайналымдық немесе циркуляциялық;
♣ қандық немесе гемдік;
♣ тіндік немесе гистотоксиндік;
♣ араласқан — деп 5 тҥрге ажыратты.
Достарыңызбен бөлісу: