569
жеткіліксіздігінен, қышқыл ӛнімдер артық жиналып қалуы
болып, ол метаболизмдік ацидозбен ауысады;
♣ жҥрек пен мидың қанмен қамтамасыз етілуі бҧзылады;
ӛйткені кӛмірқышқылы газының белгілі мӛлшері ми мен жҥрек
тамырларының межеқуатын ҧстап тҧруы ҥшін қажет.
♣ тыныс алу орталығының қозымдылығы тӛмендейді.
Содан бастапқы тыныс алудың жиілеуі оның сиреуімен
ауысады, брадипноэ дамиды.
●
нормобаряиялық гипоксия
ауасы алмастырылмайтын тар
кеңістіктерде,
терең
қҧдықтарда
немесе
хирургиялық
операция кезінде қолмен демалдыратын қҧрал істен шыққанда
байқалады. Бҧл жағдайларда адамды қоршаған ортада,
барометрлік қысым қалыпты деңгейде болғанына қарамай, дем
алатын ауада оттегінің ҥлестік қысымы қатты тӛмендейді.
Содан ӛкпеде қанның оттегіге қанығуы азаяды, артериялық
гипоксемия дамиды және ол кӛмірқышқылы газының кӛптігімен
бірге әсер етеді. Бҧл жағдайларда организмде гипоксемия
мен қатар гиперкапния байқалады. Шамалы гиперкапния ми мен
жҥректе
қанайналымды
жақсартып,
мидағы
тыныс
алу
орталығының қозымдылығын кӛтереді. Ал, ол тым артық болып
кетсе, онда организмде газдық ацидоз дамиды, гемоглобиннің
оттегіге ҥйірлігі азайып, оны байланыстыру қабілеті
тӛмендейді. Осыдан гипоксия одан сайын кҥшейеді.
Бҧл екі жағдайда да ӛкпеде гемоглобиннің оттегіге
қанығуы нашарлайды, қанда оксигемоглобин мен оттегінің
кернеуі азаяды, онда керісінше, тотықсызданған гемоглобин
кӛбейеді. Осыдан гипоксемия дамиды, цианоз байқалады.
Тіндерге оттегі аз тҥседі де, оларда тотығу-тотықсыздану
ҥрдістері бҧзылады. Дегенмен, бҧл ҥрдіс қандағы оттегінің
деңгейі белгілі мӛлшерге дейін тӛмендегенше жҥріп жатады.
Одан ары қарай оттегінің азаюы тіндік тыныстың толық
бҧзылуына әкеледі. Сондықтан, тіндерде тотығу-тотықсыздану
ҥрдісі әлі жҥріп жататын оттегінің қандағы ең тӛмен
деңгейін
Достарыңызбен бөлісу: