Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Бҥйректің несепті қоюландыру және сҧйылту қызметінің



Pdf көрінісі
бет546/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Бҥйректің несепті қоюландыру және сҧйылту қызметінің 
бҧзылыстары.
Қалыпты жағдайда соңғы несепте кейбір заттардың 
деңгейі олардың қан плазмасындағы деңгейінен бірнеше есе 
кӛп болады (-кесте). 


651
-кесте 
Заттардың қаи плазмасы мен сыртқа шығарылатын 
несептегі арақатынасы (%%)
(КешинА.)
Заттар
Қан 
 
сҧйығында
Несепте
Қоюландыру 
дәрежесі
Зәрнәсіл 
0,3 
20,0 
65
Зәр қышқылы 
0,04 
0,5 
12
Креатинив 
0,01 
0,75 
75
Натрий 
3,2 
3,5 

Калий 
0,2 
1,5 
7
Фосфаттар 
0,09 
1,5 
16
Сульфаттар 
0,02 
1,8 
90
Бҥйректің 
қоюландыру-сҧйылту 
қабілетін 
несептің 
меншікті тығыздығын анықтау арқылы айыруға болады. Бірақ 
олар әрқашан сәйкес болмауы мҥмкін. Сау адамда несептің 
салыстырмалы тығыздығы 1,016-1,020 арасында болады және ол 
ішілген сҧйықтың мӛлшеріне қарай тәулік бойында 1,002-
1,035 аралығынан астам толқуы мҥмкін. 
Несептің салыстырмалы тығыздығы тәулі бойы тӛмен 
деңгейде (1,012-1,006 аралығында) ӛзгеріссіз толқуын 
гипостенурия 
дейді..Ол бҥйректің несепті қоюландыру-
сҧйылту қабілеттілігі азаюын кӛрсетеді. Гипостенурия 
полиуриямен қабаттаса, онда нефрон шумақтарының қызметі 
салыстырмалы тҥрде жеткілікті болады. Осындай жағдай 
созылмалы 
нефриттін 
бастапқы 
сатысында, 
пиелонефрит 
кезінде байқалады. 
Несептің салыстырмалы тығыздығы нефрон шумақтары 
сҥзіндісінің (алғашқы зәрдің) тығыздығымен бірдей (1,010) 
болуын және ол қабылданған тамақ пен судың мӛлшеріне 
қарамай осы мӛлшерде тҧрақты ҧсталып тҧруын 
изостенурия 
дейді. Ол бҥйректің несепті қоюландыру-сҧйылту қабілеті 
мҥлде жоғалуын байқатады. . 
Бҧл кезде нефрон ӛзекшелерінің эпителий жасушалары 
қатты бҥлінгендіктен су мен тҧздардың олар арқылы кері 
сіңірілуі мҥлде бҧзылады Егер гипо-және изостенурия 
кездерінде олигурия дамыса, онда бҥйрек қызметі мен тҧтас 
организмнің бҧзылыстары ӛте қауіпті тҥрде ӛтеді. Бҧл 
дерттік ҥрдіске кӛптеген шумақтардың бҥліністері қосылуын 
кӛрсетеді, сондықтан несептің сҥзілуі азаяды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет