Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет566/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   562   563   564   565   566   567   568   569   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Гормондардың 
әсерін 
қабылдайтын 
тіндердегі 
рецепторлардың бӛгеліп қалуы. 
Гормон әсерін қабылдайтын 
рецепторлардың бӛгелуі гормон жеткіліксіздігінің кең 
тараған тҥрі. 
Қазір 60-қа жуық гормондардың әсерін қабылдайтын 
рецепторлар белгілі. Оның жартысынан астамы жасушалардың 
сыртқы мембранасында, басқалары жасуша ішінде (цитоплазма, 
ядрода) орналасқан. 
Барлық 
гормондар 
нысана-жасушаларына 
әсер 
ету 
жолдарына қарай шартты т8рде екі топқа бӛлінеді. Олар 
ӛзара байланысты және ӛзара әсерлерде болады. Бірінші 
топтағы гормондар жасушалардағы әртҥрлі зат алмасу 
ҥрдістерін жасушаның сыртқы қабығынан қадағалайды. Бҧндай 
реттеуді 
сырттан реттеу
немесе дистантты реттеу дейді. Бҧл 
топқа нәруыздық, полипептидтік гормондар, катехоламиндер, 
кейбір биогендік аминдер жатады. Бҧл гормондар нысана-
жасушалардың сыртында меншікгі рецепторлармен байланысады, 
аденилатциказа ферментін әсерлендіреді де, цАМФ тҥзілуін 
кӛбейтеді. Соңғысы протеинкиназаны әсерлеп, нәруыздық 
заттарды фосфорлайды. 
Гормондардың екінші тобы биологиялық әсерін жасуша 
ішіне кіріп реттейді. Бҧларды 
тікелей реттейтін
гормондар 
дейді. Оларға андрогендер, эстрогендер, прогестиндер және 
кортикостериодтар жатады. Бҧл стероидтық гормондардың 
әсері негізінде белгілі геннің әсерленуі жатады. Соның 
нәтижесінен сәйкес ферменттің пайда болуы кӛбейеді, 
белгілі метаболизмдік заттар тҥзіледі. 
Стероидтық гормондардың жасуша ядросындағы тектік 
қҧрылымдарға жету жолында ҥш сатыны: 
● 
жасушаға 
енген 
гормон 
цитоплазмадағы 
арнайы 
рецепторлық нәруызбен байланысуын; 
● «стероид + рецепторлық нәруыз» кешені әсерленуін 
(модификациясын); 
● стероидтық гормонның жасуша ядросына енуін және 
хроматиннің арнайы бӛлшегімен қосылуын ажыратуға болады. 
Әсерлі гормондар жасушадағы немесе оның ішіндегі 


674
ӛзінің рецепторларын таба алмайды. Ӛйткені рецепторлар 
молекуласының қҧрылымы бойынша гормонға ҧқсас басқа 
заттармен байланысып қалуы мҥмкін немесе рецепторлардың 
молекуласында 
конформациялық 
ӛзгерістер 
пайда 
болуы 
ықтимал. Әртҥрлі стрестік жағдайларда жасуша қабықтарында 
май 
қышқылдарының 
асқын 
тотығуы 
мембраналардың 
микротҧтқырлығын жоғарылатып, рецепторлардың белсенді 
қозғалыстарын шектейді. 
Жасушаның 
кезкелген 
рецепторы 
нәруыздық 
және 
гликолипидтік бӛлшектерінен тҧрады. Соңғысымен жасуша 
мембранасына 
бекітіледі. 
Гликолипидтердің 
антигендік 
қасиеті болады. Сондықтан рецепторлардың бҧл бӛлшектеріне 
қарсы аутоантиденелер мен сезімталдығы кӛтерілген Т-
лимфоциттер 
ӛндірілуі 
ықтимал. 
Бҧл 
қҧбылыс 
кейбір 
микробтардың немесе вирустардың әсерлерінен ӛршіп кетуі 
мҥмкін. 
Рецепторлардың 
бір 
бӛлшегі 
арнайы 
гормондарды, 
медиаторларды, уыттарды т.б. заттарды танитын қызмет 
атқарса, екінші бӛлшегі кӛрсетілген заттармен ӛзара 
әсерлескеннен кейін жасуша ішіне, белгілі биохимиялық 
ҥрдістердің ӛтуіне қажетті, хабар жеткізеді. Осыған 
байланысты аутоантиденелер рецепторлардың кӛрсетілген екі 
бӛлшектерінің біріне қарсы бағытталған болуы мҥмкін. Сол 
себептен 
аутоантиденелердің 
рецепторларымен 
байланысуларының нәтижелері де әртҥрлі болады. Мәселен, 
егер аутоантиденелер рецепторлардың гормонды танитын 
бӛлшегімен байланысса, онда табиғи гормон немесе сырттан 
енгізілген гормон рецептормен байланыса алмайды. Осыдан, 
қанда гормоннық деңгейі қалыпты болғанына қарамай, бездің 
қызметі жеткіліксіз болады. Сырттан енгізілген гормон 
физиологиялық әсер етпейді. 
Егер 
антидене 
рецепторлардың 
хабар 
жеткізетін 
бӛлшегімен байланысса, онда табиғи гормон сияқты сәйкес 
әсер етеді. Осыдан бездің қызметі кӛтерілуімен кӛрінетін 
әйгіленімдер пайда болады. Бҧл эндокриндік бездердің ӛзін-
ӛзі реттейтін кері байланыс заңдылығы бойынша табиғи 
гормонның ӛндірілуін азайтады. Сонымен бірге, антиденелер 
мен рецепторлар байла-нысуынан «антиген-антидене» кешені 
қҧрылып, антидененің тҥріне қарай, комплемент жҥйесінің 
белсенділігін 
арттырады, 
рецепторлардың 
қҧрылымдық 
ӛзгерістерін туындатады. 
Кейде жасушаның сыртқы бетінде «антидене+рецептор» 
кешендері бір жерде топталып жиналуынан олар жасуша 
қабығының 
ішіне 
қарай 
тартылып 
фагоциттелінеді. 
Лизосомалық ферменттердің әсерлерінен «антидене+рецептор» 
кешендері ыдыратылады. Бҧл рецепторлардың орнына жаңа 


675
рецепторлар 
ӛндіріледі. 
Бҧндай 
жағдайлар 
жиі 
қайталануынан, артынан жасушаның жаңа рецепторлар тҥзу 
қабілеті тӛмендеп, олардың саны мҥлде азайып кетуі мҥмкін. 
Рецепторлардың жасуша ішіне жҧтылып, ыдыратылып және 
жаңа рецепторлар ӛндіріліп тҧруы қалыпты жағдайларда да 
болып тҧрады. Осылай гормондардың қандағы деңгейі тым 
кӛтеріліп 
кеткенде 
жасушалар 
рецепторларын 
азайтып, 
қорғанады. Тым қомағай адамдарда нысана-жасушалардың 
инсулинге сезімталдығы тӛмендейді. Осы себептен ҧйқы 
безінде инсулин ӛндірілуі артады. Нысана-жасушаларда 
инсулиннің артық мӛлшеріне жауап ретінде рецепторлар 
азаяды. Инсулинге тәуелді қантты диабет дамиды. Бҧндай 
науқастарды артық тамақтануды тию арқылы емдеуге болады. 
Эндокриндік 
бездердің 
қызметтерінің 
бҧзылыстары 
ӛндірілген аутоантиденелердің қасиеттерімен және олардың 
ӛзара қатынастарымен анықталады. Жиі жасуша қабықтарындағы 
рецепторлардың 
әртҥрлі 
бӛлшектеріне 
аутоантиденелер 
ӛндірілуі мҥмкін. Мәселен, біркелкі тараған уытты зобпен 
ауырған 
95% 
емделмеген 
науқастардың 
жасушаларындағы 
тиреотропиннің әсерін қабылдайтын рецепторларға қарсы 
аутоантиденелер анықталады. Олар анықтау әдістеріне қарай 
әртҥрлі аталады. Олардың кейбіреулері рецепторлардың 
танымалдық бӛлшегіне, басқалары хабар жеткізу бӛлшегіне 
бағытталған болады. Кӛрсетілген аутоантиденелердің барлығы 
рецептормен тиреотропиннің байланысуын әлсіретеді. Бірақ, 
бҧл 
аутоантиденелердің 
кейбір 
тҥрлері 
рецептормен 
байланысуынан аденилатциклаза-цАМФ әсерленіп, Т
3
және Т
4
гормондарының тҥзілуі артады, гипертиреоидизм дамиды. 
Басқа тҥрлерінің байланысуынан тек қалқанша бездердің 
жасушалары 
кӛптеп 
ӛсіп-ӛніп 
кетеді. 
Бҧл 
жасушалар 
тиреоидтық гормондарды артық ӛндірмейді. Осыдан қалқанша 
бездерінің кӛлемі ҧлғайып, зоб дамиды. 
Жасуша 
рецепторларына 
қарсы 
аутоантиденелердің 
ӛндірілуі 
идиотип-антиидиотиптік 
ӛзара 
қатынастардын 
бҧзылыстарымен тҥсіндіріледі. Оның мәні мынада: 
қандайда болмасын гормонның арнайылығын анықтайтын 
және жасуша рецепторымен байланысатын детерминанттық 
тобына қарсы арнайы антидене ӛндірілуі мҥмкін. Бҧл 
антидененің гормонмен байланысатын арнайы қҧрылым бӛлшегін 
идиотип
деп атайды. Идиотип антиген детерминантының 
молекулалық қҧрылымдық бейнесінің айнадағы кӛрінісінің 
шағылысы болып келеді. Сол себептен идиотип гормонның 
арнайы антигенімен байланыса алады. Бірақ идиотиптің ӛзі 
немесе оның молекулалық қҧрылымдық бӛлшегі организмнің 
иммундық жҥйесімен бӛтен зат болып танылады. Сондықтан 
организмде идиотиптің қҧрылымына қарсы арнайы антиденелер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   562   563   564   565   566   567   568   569   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет