Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)


Дәріс 10. ПРЕСТЕУГЕ, ГРАНУЛАУҒА ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАУҒА АРНАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
darister

 
Дәріс 10. ПРЕСТЕУГЕ, ГРАНУЛАУҒА ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАУҒА АРНАЛҒАН 
ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПІ
Жоспар: 
1. Ылғалсыздандыру, қалыптау, брикеттеу және гранулдау жабдықтары 
жайындағы жалпы мәліметтер; 
2. Өнімді престеу арқылы өңдеуге арналған жабдықтар; 
2.1 Гидравликалық пресс; 
1. Ылғалсыздандыру, қалыптау, брикеттеу және гранулдау жабдықтары 
жайындағы жалпы мәліметтер.
Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің 
кәсіпорындарында материалдарды ылғалсыздандыру, қалыптау, брикеттеу және 
гранулдау үшін престеу процесін қолданады. Қысыммен ылғалсыздандыруды май 
өндірісінде күнбағыс және т.б. дақылдар дәнінен өсімдік майын, қант өндірісінде 
қызылша сығындысынан суды ажыратуға, шырын өндіруде жеміс-жидектерден 
шырынын ажыратып алуға және т.б. қолданады. Брикеттеуді деп тік бұрышты 
немесе цилиндр тәрізді престелген материалдардың брикеттерін немесе кесектерін 
(брусок) алуды айтады.
Таблеткалау мен гранулдау брикеттеудің түрлері болып табылады. 
Таблеткалар мен гранулдардың брикеттерден өзгешелігі өлшемдері кіші болады.
Қалыптаушы жабдықтар келесідей жіктеледі: 

жұмыс органының айналысы бойынша: қалыпты және жылдам 
айналатын; 



конструкциялық 
орындалу 
бойынша: 
стационарлы, тұрығы айналатын, жұмыс органы көлбеу 
орналасқан және жұмыс органы тік орналасқан; 

физикалық белгілері бойынша: қысқа шнекті 
(автогенные), матрицасының кесу жиектері үлкен еңісті 
(большой уклон кромки), матрицасының кесу жиектері 
елеусіз еңісті (незначительный уклон кромки). 
Өнімді ылғалсыздандыру, ылғалсыздандырылған 
өнім құнды компонент болған жағдайда немесе 
ылғалсыздандыру арқылы өнімнің құндылығын арттыру үшін өнімнен сұйықтықты 
ажырату арқылы орындалады. Оны материалға қолданылатын престердегі 
поршеньдердің артық қысымы әсерімен орындайды. Брикеттеу, таблеткалау және 
түйіршіктеу өнімді пайдаланудың сапасы мен ұзақтығын арттыру, шығындарды 
азайту, тасымалдауды жақсарту және т. б. мақсатында қолданылады. 
Тамақ өнімдерін қалыптау экструдерде жұмсарту немесе пластификациялау 
арқылы, өнімге қимасы бұйымның конфигурациясына сәйкес келетін экструзиялық 
бастиек арқылы пішін беру жолымен жүргізіледі. Экструзиялау сөзі сөзбе-сөз 
"сыртқа шығару" дегенді білдіреді және экструзиялауды әр түрлі жолдармен 
орындайды. 
Экструзиялау суық, жылы және ыстық (пісіру) болып бөлінеді. Суық 
экструзиялау кезінде - матрица арқылы шикізатты басып шығару нәтижесінде 
пластикалық шикізатты механикалық қалыптау ғана болады. Экструзияның бұл түрі 
ұн өнімдерін, макарон, балқытылған ірімшіктерді, кәмпит массаларын, ет фаршын 
және басқа да өнімдерді өндіруде қолданылады. Жылы экструзияны ылғалдылығы
20...30 % болатын, құрамында крахмал бар материалдарды ішін ара 
кристализациялау үшін қолданады. Ыстық (қайнату) экструзияны қыздыру кезінде 
(шикізатты өңдеу процесінің температурасы 100 ºС жоғары) өңделетін материалда, 
ең алдымен, ақуыз, крахмал және клетчатка қайтымсыз биохимиялық өзгерістер 
болады. 
Экструдерде өндірілген дайын өнім немесе жартылай фабрикат экструдат деп 
аталады. Экструдаттың пішіні экструдерден материалдың шыға берісінде 
орнатылатын матрицадағы тесіктердің пішіндеріне байланысты болады. 
Механикалық энергияның түрленуі есебінен экструзиялау процесінде пайда 
болатын жылу энергиясының мөлшері, процесті жүргізу кезіндегі температура, 
экструзияланатын зат массасының ылғалдылығы сияқты параметрлер ерекше мәнге 
ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет