Ұсақтау процесі сурет 2-ге сәйкес ашық (өңделетін материал бір рет ұсақтағыш
арқылы өтеді) және сурет 2-ке сәйкес жабық (ұсақталатын материал қайталап ұсақтау
үшін бірнеше рет ұсақтағышқа қайтып оралады) циклдерде өтеді. Ашық циклде ірі
және орташа ұсақтау орындалады.
Сурет 2 – Ашық циклде ұсақтау
Сурет 3 – Жабық циклде ұсақтау
Жабық цикл ұсақ, жұқа және майдалап ұсақтау үшін қолданылады. Сурет 3-те
ұсақтауды қайталап екі рет ұсақтаудың жабық циклі көрсетілген (материал
ұсақтағышта ұсақталып,
елеуден кейін, електен өтпей қалған түйірлері қайталап
ұсақтағышқа беріледі).
3 Ұсақтаудың негізгі принциптері. Ұсақтауға арналған жабдықтардың
жіктелулері
Кез-келген материалдың өлшемін кішірейту
кезінде артық ұсақтауды
болдырмау үшін төмендегі ережелер қолданылады:
1.
Кез-келген материал оны одан әрі өңдеу үшін қажет өлшемге дейін ғана
ұсақталуы керек. Қажетті өлшемге дейін ұсақталған барлық түйірлер ұсақтау
жабдығынан бірден шығарылуы керек. Материал ұсақталғанға дейін міндетті түрде
елеуден өтуі керек, яғни оны тербелмелі електерде (вибрационных ситах) елейді.
2.
Орындалатын елеу процесі мүмкіндігінше еркін болуы керек - ұсақтауды
қиындататын қосымша процестерді мүмкіндігінше болдырмау керек, себебі ұсақтауға
жұмсалатын пайдалы жұмыс тек ұсақталған материалдың бөлшектері арасындағы
байланыстыратын күштерді жеңу үшін қолданылады.
3.
Материалды ұсақ, жұқа және майдалап ұсақтауда, електерде елеу нәтижесі
бойынша, ұсақтауды бірнеше рет орындау керек.
Барлық қолданыстағы ұсақтау жабдықтарына
келесідей негізгі талаптар
қойылады:
1.
ұсақталатын материал кесектерінің өлшемдері бір келкі болулары керек;
2.
ұсақталған материал кесектері бірден жабдықтың жұмыс аймағынан
шығарылулары керек;
3.
ұсақтауда жұмыс орнында шаң түзілу мейлінше аз болуы керек;
4.
ұсақталатын материалды жабдыққа беру автоматтандырылған және үздіксіз
орындалулары керек;
5.
материалдардың ұсақтау дәрежесін реттеу мүмкіндігі болуы керек;
6.
тозған бөлшектерін жаңаға ауыстыру арқылы
жөндеуге жарамды болуы
керек;
7.
өнім бірлігіне шығатын энергия шығыны аз болуы керек.
Барлық ұсақтау жабдықтары төмендегідей жіктеледі:
1.
материалдардың ұсақталу дәрежесі бойынша;
2.
ұсақтау күштерінің сипаттамасы бойынша.
Материалдардың ұсақталу дәрежесі бойынша жабдықтар: ірі, орташа, ұсақ,
коллойдты, жұқа ұсақтауға арналған болып бөлінеді.
Ірі ұсақтауға көп жағдайда ірі уатқыштарды (дробилка) қолданады және оларды
төмендегідей жіктеді:
1.
жақты уатқыш (щековая дробилка);
2.
конусты уатқыш (конусная дробилка);
3.
дискті уатқыш (дисковая дробилка).
Ұсақталған өнімді ары қарай ұсақтауға жіберу үшін ұсақтау алдын-ала
ұсақтаудың негізгі мақсаты болып табылады.
Ірі және орташа ұсақтауды ұсақтаудың құрғақ тәсілімен орындайды. Ал, ұсақ,
коллойдты, жұқа ұсақтауды құрғақ жіне қажет
жағдайда ылғал тәсілдермен
орындайды. Шаңның аз түзілуімен, ұсақталған маериал түйірлері өлшемдерінің бір
қалыпты болулары ылғал ұсақтаудың басты артықшылықтары болып табылады.
Ұсақтауға арналған жабдықтар ірі ұсақтауға арналған уатқыштар (дробилка)
және ұсақ, коллойдты, майда ұсақтауға арналған диірмендер (мельницы) деп
бөлінеді (Кесте 2).
Кесте 2 – Ұсақтауға арналған жабдықтар
Достарыңызбен бөлісу: