Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)


 Тұнбаны шнекпен түсіретін көлбеу тұндырғыш центрифуга



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
darister

3.1.4 Тұнбаны шнекпен түсіретін көлбеу тұндырғыш центрифуга
 
(Сурет 
4)

Ішіне шнегі 4 бар, конусты немесе цилиндрконусты ротордың 3 көлденең 
орналасуы осындай центрифугалардың жалпы конструктивтік белгісі болып 
табылады. 
Ротор мен шнек бір бағытта айналады, бірақ айналыс жиіліктері әртүрлі 
болады, нәтижесінде түзілетін тұнба ротор бойымен шнек көмегімен жылжиды. 
Суспензия қоректендіретін құбырмен 1 шнектің ішкі қуысына беріледі, одан шнек 
ернеуінің люгі арқылы роторға түседі. Ортадан тепкіш күштің әсерінен онда 
ажырайды және ротордың қабырғаларына қатты фаза бөлшектері жиналады. 
Жиналған тұнбалар ротордың тар бөлігінде орналасқан түсіру люктеріне 2 шнекпен 
тасымалданады. Мөлдірленген сұйықтық (фугат) ағызу люктеріне 6 қарама-қарсы 
жаққа ағып, ротордан шығарылады. Ағызу шамасын диаметрі ауысымды 
заслонкалар немесе немесе бұрылмалы шайбалардың көмегімен реттеледі. Фугатқа 
арналған камераны 7, тұнбаға арналған камерадан 8 бөліп тұратын қалқамен 
жабдықталған ротор қаптамамен 5 қапталған. 
Тұнбаны шнекпен түсіретін көлбеу тұндырғыш центрифуга негізінен 
ерімейтін қатты фазалы суспензияларды бөлуге және кристалды және түйіршікті 
өнімдерді сусыздандыру, материалдарды жіктеу және суспензияларды ағарту үшін 
қолданылады. Мұндай центрифугалар көбіне майлы шикізаттарды өңдеу кезінде 
сепарациялаудың бірінші сатысы ретінде пайдаланылады. 
Бұл центрифугалардың басты артықшылығы - процестің үздіксіздігі және 
энергия шығыны мен машиналардың салмағының төмендігіне қарамастан 
өнімділгінің жоғарылығы.
Мұндай центрифугалардың кемшіліктеріне: тұнбаның ылғалсыздану 
деңгейінің 
төмендігін, 
машинада 
шикізатты 
сапалы 
жууды 
жүргізудіңорындалмайтындығын, сондай-ақ абразивті өнімдерді өңдеу кезінде шнек 
пен ротордың тез тозуын жатқызуға болады. 
3.1.5 Құбырлы центрифугалар.
Құбырлы центрифугалар мөлдірлегіш немесе 
ажыратқыш роторлы болады (сурет 5). Білікке 4 ілініп, тік айналу осі мен 
жылжымалы төменгі сырғанау тірегіне бекітілген құбырлы ротор 1 құбырлы 
центрифуганың негізгі конструктивтік белгісі болып табылады. Үш жақты қанатша 
2 бөлінетін сұйықтық пен ротордың бұрыштық жылдамдығын көрсетуге 
пайдаланылады. Шойыннан құйылып жасалған тұғыр 7, тұрық қызметімен бірге 
қорғаныс қаптамасының қызметін қоса атқарады. Тұрықтың жоғарғы бөлігінде 
орналасқан электр қозғалтқыштан 3 тұратын жетек пен керу құрылғысы, сына 
тәрізді белдікті беріліс арқылы байланысады. 
Сурет 4 - Тұнбаны шнекпен түсіретін көлбеу тұндырғыш центрифуга 
1 – қоректендіргіш құбыр; 2 – түсіру люгі; 3 – ротор; 4 – шнек; 5 – қаптама; 6 – ағызатын люк; 7 
– фугатқа арналған камера; 8 – тұнбаға арналған камера. І – суспензия; II – фугат; III – тұнба 


Центрифуганың жұмысы кезінде 
эмульсия қоректендіретін құбырдың 
шүмегі (сопло) 10 арқылы ротордың 
төменгі бөлігіне беріліп, сұыйқтық ағыны 
соққылау 
дискінен 

ротордың 
қабырғаларына қарай ағады. Эмульсия 
ротормен бірге айнала отырып, оның 
қабырғаларының бойымен осьтік бағытта 
жоғары қарай ағып, ауыр және жеңіл 
сұйықтықтарға бөлінеді. Ауыр сұйықтық 
ротор қабырғасында орналасқан бас тиектің 
тесіктері арқылы өтіп, төменгі ағызу 
тәрелкесіне 6 беріліп, келте құбыр арқылы 
центрифугадан 
шығарылады. 
Жеңіл 
сұйықтық ротор осіне жақын орналасқан 
бас тиектің тесіктері арқылы өтіп, жоғарғы 
ағызу тәрелкесіне 5 жиналып, оннан келте 
құбыр арқылы шығарылады. Ауыр және 
жеңіл сұйықтықтың қабаттарын бөлу 
бетінің орналасуы, ауыспалы сақиналы 
диафрагмамен реттеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет