центрифуга конструкциясы:
1 — ірге тас плитасы; 2 — тұғыр (станина); 3 — тірек бағаналары; 4 — қаптама; 5 — ротор; 6
— жиек сақиналары; 7 — тиеу құрылғысы; 8 — қақпақ; 9 — білік; 10 — ротор тірегі; 11 —
электроқозғалтқыш; 12 — турбомуфта; 13 — сына тәрізді белдікті беріліс; 14 — жетекші
шкив; 15 — тежегіш
Маятникті центрифугалардың кемшіліктері: Тұнбаны түсіру үшін қол еңбегін
қолдану және осы операцияны орындау үшін жабдықты тоқтату керек, сондықтан
өндірісте мұндай центрифугалар көп қолданылмайды.
3.1.2 Жетегі аспалы жоғарыда орналасқан және тұнбаны төменнен
түсіретін центрифугалар.
Мұндай центрифугалар, жүйенің тік осьтен ауытқуына
және
айналатын
массалардың
өзін-өзі
орталандыруға
(самоцентрирование)
мүмкіндік беретін роторы
бар тік біліктің аспасы,
топсалы
болулығымен
ерекшеленеді.
Осыған
байланысты
ротордың
біркелкі
тиелмеуі
центрифуганың жұмысына
ісер етпейді және жұмыс
істеу
кезінде
үлкен
тұрақтылыққа ие. Аспалы
центрифугаларда
сүзгіш
немесе тұнбаны шөктіру
(осадительный) роторлары
негізгі жұмыс органдары
болып табылады және тұнба
қолмен
немесе
механикаландырылған
жолмен
жабдықтан
шығарылады.
Механикаландырылған
центрифугаларда тұнбалар
ротордың
айналу
жылдамдығы
төмендеген
кезде,
қолмен
түсіретін
центрифугаларда — ротор
тоқтаған кезде шығарылады.
2 суретте жетегі аспалы жоғарыда орналасқан және тұнбаны төменнен
түсіретін центрифуга бейнеленген.
Достарыңызбен бөлісу: