Жеңдерді жасау үшін әдетте мақта-мата және жүн маталары қолданылады, бұл
тазаланатын газдың температурасын шектейді.
Жеңді сүзгілердің кемшіліктері: жоғары гидродинамикалық кедергі, матаның
салыстырмалы тез тозуы және матаның сулануы кеуектердің бітелуіне әкеліп
соғатындықтан ылғалды газдарды тазалау үшін жарамсыз.
Жеңдік сүзгілердің негізгі артықшылығы: газдарды жұқа дисперсті шаңнан
тазартудың жоғары дәрежесі болып табылады (1 мкм көлеміндегі бөлшектер 98-99%
- ға ұсталады).
Достарыңызбен бөлісу: