Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)


Дәріс 6. БУЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
darister

Дәріс 6. БУЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН 
ӘРЕКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПІ 
Жоспар: 
1. Буландыру процесі мен жабдықтарының жіктелуі. 
2. Буландыру аппараттарының түрлері мен жұмыс істеу принциптері.
 


1. Буландыру процесі мен жабдықтарының жіктелуі. 
Буландыру дегеніміз қандайда бір ұшпайтын қатты зат ерітіндісінің концентрациясы. Бұл 
процесс міндетті түрде сұйықтық қайнап, еріткіш ішінара буланып бастапған кезде жүреді. 
Буландыру процесін дистилляцияны (ерітілген заттарды бөліп алу), кристалдауды 
(ұшпайтын заттар қатты күйінде бөлінеді) немесе ұшпайтын заттар ерітінділерінің 
концентрациясын орындау үшін қолданылады. 
Буланатын ерітінділер қайнау температурасына дейін қыздыру үшін қыздырудың келесі 
тәсілдерін қолданылады: 

су буымен қыздыру; 

жоғары температурадағы жылу тасымалдағыштар арқылы қыздыру; 

электр энергиясымен қыздыру. 
Су буымен қыздыру тәсілі жылу беру коэффициенті мен конденсациясының меншікті 
жылулық сипаттамалары жоғары болғандықтан жиі қолданылады. 
Буландыруды әдетте әрекет ету принципі бойынша жіктелетін буландыру 
жабдықтарында орындайды. 
Әрекет ету принципі бойынша буландыру жабдықтарының
 
жіктелулі:
 
1. Үздіксіз жұмыс істейтін. Бұл жағдайда аппаратқа ерітіндіні үздіксіз беріледі, қажетті 
концентрацияға дейін қоюланып буланады және қоюланған сұйықтық аппараттан үздіксіз 
шығарылады. 
2. Үздікті (мерзімді) жұмыс істейтін. Үздікті (мерзімді) жұмыс істейтін буландыру 
жабдығының өнімділігі аз болғанымен, жоғары дәрежелі концентрациялы өнім алу мақсатында 
пайдаланады. Мұндай аппаратты қолдануда, аппаратқа ерітіндіні беріп, содан кейін оны 
концентрацияның қажетті жағдайына дейін буландырады және қажет концентрацияға дейін 
қоюланған сұйықтықты құйып алған соң ғана, аппаратқа ерітіндінің жаңа дозасын қайтадан 
жүктейді. 
Тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындарында көбіне үздіксіз жұмыс істейтін буландыру
қондырғылары пайдаланылады, себебі олардың өнімділігі жоғары болады. 
Буландыру жабдықтарын қайнаған сұйықтықтың қозғалыс принципі бойынша 
төмендегідей жіктейді: 
1.
еркін айналымды буландыру аппараттары (со свободной циркуляцией); 
2.
табиғи айналымды буландыру аппараттары (с естественной циркуляцией); 
3.
мәжбүрлі айналымды буландыру аппараттары (с принудительной циркуляцией); 
4.
пленкалы типті буландыру аппараттары (выпарные аппараты пленочного типа). 
Оларға ротор типті аппараттар жатады. 
Өндіріс орындарында қолданысқа ие буландыру жабдықтарын келесідей жіктейді: 

жылыту бетінің түрі бойынша (змеевикті, құбырлы немесе бу жейделі); 

жылу тасымалдағышының түрі бойынша (жоғары температуралы жылу 
тасымалдағыштар, электр тоғы, су буы және т. б.); 

қыздыру бетінің орналасуы бойынша (қыздыру беттері тік, көлденең немесе көлбеу 
орналасқан); 

жылу тасымалдағыштың қозғалыс сипатына байланысты: ысыту камерасы 
құбырларының ішінде немесе сыртында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет