Бастапқы ерітіндіні қыздыру камерасы құбырының төменгі торының астына береді,
онда ол қайнату құбырларымен көтеріледі және буланады, бірақ кейде ерітіндіні бірден
циркуляциялық
құбырға
жібереді.
Екіншілік бу мен сұйықтық сепараторда
ажыратылады, сұйықтық қыздыруға
ұшырамайтын және бастапқы ерітіндімен
араластырылатын айналмалы құбыр
бойынша берілетін бастапқы ерітіндімен
бірге қайта беріліп, өңдеуден қайта өтеді.
Екіншілік бу тамшы ұстағыштар арқылы
өтеді және оны сепаратордың жоғарғы
бөлігі арқылы аппараттан шығарады, ал
буланған ерітіндіні төменгі штуцер арқылы
аппараттан шығарып алады.
Қыздыру
камерасы
сыртқа
шығарылған буландыру аппаратындағы
циркуляция (айналым) жылдамдығы кейде
1,5
м/с
дейін
жететіндіктен,
кристалданатын және концентрацияланған
ерітінділерді буландыруға болады.
Қыздыру
камерасы
сыртқа
шығарылған буландыру аппаратының
конфигурациясының кейбір түрлерінде
циркуляциялық құбыр болмайтындықтан,
олар циркуляциялық құбырлы тура
ағынды аппараттарға ұқсас болады.
Мұндай жағдайларда буландыру процесі
қыздыру камерасы арқылы ерітіндіні бір
рет өткізу арқылы орындалады. Алайда,
тура ағынды түрдегі булау аппараттарының көмегімен кристалданатын ерітінділерді булауға
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: