Сурет 3.2 – Таспалы кептіргіш СКО-90
а-жалпы көрініс; б-кептіргіш агент циркуляциясының схемасы
2.2 Шахталық кептіргіштер.
Олар жылыту, кептіру және кептірілетін өнімді салқындату үшін
бірнеше
аймаққа бөлінген.
Шахталық конвективті кептіргіш сусымалы өнімдерді—астықты, жарманы,
қызанақ тұқымын және т. б. кептіру үшін қолданылады.
Шахталық конвективті кептіргіш
Дәріс 8. ӘРТЕКТІ ОРТАЛАРДЫ АРАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН
ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПІ
Жоспар:
1. Араластыру жабдықтарының жіктелулері;
2. Үздікті жұмыс істейтін жылжымалы ыдысты (дежалы) араластырғыш
жабдықтар;
3. Үздікті жұмыс істейтін стационарлы ыдысты (дежалы) араластырғыш
жабдықтар;
4. Үздіксіз жұмыс істейтін араластырғыш жабдықтар.
1. Араластыру жабдықтарының жіктелулері.
Қайта
өңдеу және тамақ
өндірістерінде екі немесе бірнеше сұйықтықтарды араластыру,
эмульсиялар мен
суспензиялардың белгілі бір технологиялық жағдайын сақтау,
қатты өнімдерді
сұйықтықта біркелкі таралуы мен еріту, жылу
процестерін немесе химиялық
реакцияларды интенсификациялау, сұйықтықтардың
белгілі бір температурасын
немесе консистенциясын алу немесе қажет көрсеткіштерін ұстап тұру және т. б.
үшін әр текті жүйелерді араластыру қажеттілігі туындайды.
Қайта өңдеу және тамақ өнімдерін араластыру мынадай түрлердегі
араластырғыштарда жүзеге асырылады: шнекті, қалақты, барабанды, пневматикалық
(қысылған ауамен) және аралас.
Араластырғыш жабдықтар 1 суретке сәйкес келесідей жіктеледі:
тағайындалулары бойынша: араластыруға арналған, ерітуге арналған, қоспа
температурасын теңестірге арналған (для темперирования) және т.б.;
жабдықтың орналасуы бойынша: тік, көлбеу, көлденең, арнайы;
жұмыс ортасын өңдеу сипаты бойынша: толық көлемі бойынша
араластыруға арналған, белгілі бір көлемін араластыруға арналған және пленкалық
араластыруға арналған;
жабдықта сұйықтықтың қозғалып жылжу сипаты бойынша:
радиалды,
өстік, тангенциалды және аралас;
жұмыс істеу принципі бойынша: механикалық, пневматикалық, эжекторлы,
циркуляциялық және арнайы;
жылулық процестерге қатысы бойынша: жылуалмасу қабырға арқылы
орындалатын, жылу алмасу агентімен араласа отырып орындалатын және жылулық
процестердің қатысуынсыз.
Сурет 1 – Араластырғыш жабдықтардың жіктелулері
Кесекті және созылмалытұтқыр (вязкопластичные) өнімдерді (ұн, қамыр, ет,
ет фаршы, сүзбе-ірімшікті массаны) шнекті, қалақшалы және т.б.
араластырғыштарда араластырады. Сұйық өнімдерді (сүт, қаймақ, кілегей және т.б.)
қалақшалы, пропеллерлі және турбиналы араластырғыштармен араластырады.
Араластырғыш жабдықтар жұмыс істеуінің үздіктілігі
бойынша келесідей
жіктейді: үздікті және үздіксіз жұмыс істейтін болып бөлінеді.
Араластырғышты ыдысты (дежа) үздікті жұмыс істейтін жабдықтар:
стационарлы және ауыспалы (жылжымалы), ал ыдыстары (дежа) – қозғалмайтын,
бос және мәжбүрлі (принудительный) айналатын болып бөлінеді.
Араластырғыш жабдықтар жұмыс органының әсер ету қарқындылығы
бойынша үш топқа бөлінеді:
- қарапайым тыныш жүрісті (жұмыс процесі барысында шикізаттың қызуы
болмайды);
- жылдам жүрісті (араластыру процесі барысында шикізат 5...7 °С-ге қызады);
- аса жылдам жүрісті (супер быстроходные) (араластыру процесі барысында шикізат
10...20 °С-ге қызады және араластырғыш камерасының
тұрығы арнайы сумен
салқындату қажет).
Араластыру органының қозғалыс сипаты бойынша: араластыру органының
шеңберлі, айналмалы, планетарлық және күрделі жазық және кеңістіктік қозғалысты