3.1.3 Тұнбаны пышақпен қырып түсіретін көлбеу центрифуга.
Мұндай
центрифугалардың екі түрі болады: сүзгіші бар (сурет 3) және шөктіру ротормен.
Сүзгіш центрифугалардың роторы — ернеуі тесілген болып, дәнекерлеу
арқылы жасалады. Ротор ішінде планкалар мен сақиналардың көмегімен дренаждық
және сүзгіш елеуіш бекітіледі. Өңделетін суспензияға байланысты сүзгіш
елеуіштердің орнына сүзгіш маталар қолданылуы мүмкін.
Сурет 2 – Жетегі аспалы жоғарыда орналасқан және
тұнбаны төменнен түсіретін центрифуга
1 –электроқозғалтқыш; 2 – білік; 3 – шығару құбыры; 4 –
қоректендіргіш (шиізат беретін) құбыр; 5 – тұнбаны
қыратын құрылғы; 6 – бу жейдесі (паровая рубашка) бар
қаптама; 7 – ротор; 8 - түсіру шанағы(разгрузочный бункер)
Шөгінді центрифугалардың роторы – тұтастай дәнекерленіп жасалады. Бұл
центрифугаларда сүзгіш центрифугаларға қарағанда, Шығару құбырындағы
жылдамдықты реттеу үшін күштік гидроцилиндрі мен дросселі бар, шығару
құбырынан тұратын мөлдірленген сұйықтықты шығаруға арналған механизмі
болады.
Тұнбаны пышақпен қырып түсіретін көлбеу центрифуга артықшылықтары:
процестің барлық сатыларын автоматты режимде және ротордың тұрақты айналу
жиілігі кезінде жүргізу мүмкіндігінің болуы.
Кемшіліктері: тұнбаны кесіп қыру кезінде кристалдардың ұсақталуын және
сүзгіш қалқаның ерімейтін қатты фазамен суспензияны өңдеу кезінде
регенерациялануынан туындайтын қиындықтарды жатқызуға болады.
Сурет 3 – Тұнбаны пышақпен түсіретін көлбеу центрифуга:
1 — тұсіру шанағы;; 2 — қоректендіргіш құбыр; 3 — тұнбаны қырып қиатын механизм; 4 — ауа
келте құбыры; 5 — қаптама; 6 — ротор; 7 — білік тірегі; 8 — білік; 9 — тұғыр; 10 — сына
тәрізді белдікті беріліс; 11 — электроқозғалтқыш
|