Сепараторлардың жартылай жабық роторлары ашық роторлардан қысыммен
сепарациялау өнімдерін шығаруға арналған құрылғының болуымен ерекшеленеді.
Герметикалық (жабық) сепараторларда роторға бастапқы сұйықтықты беру
және сұйық фракцияларды жабдықтан шығару келтеқұбырлармен герметикалық
жалғанған жабық құбыржолдар арқылы жоғары қысымда орындалады, оларға
сепарациялау процесі кезінде ауаның кіруінен оқшауланған. Герметикалық
сепараторлардың роторлары ашық және жартылай жабық сепараторлардың
роторларынан жеткізуші және шығару құрылғыларының конструкциясымен
ерекшеленеді.
Жетектерінің түрі бойынша сепараторлар үш топқа бөлінеді: қолмен, аралас
және электромеханикалық жетегі бар.
Достарыңызбен бөлісу: