Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)


Лекция 4. ЦЕНТРИФУГАЛАУҒА ЖӘНЕ СЕПАРАЦИЯЛАУҒА



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
darister
Сымбат Камила Орынбасар Лаура
Лекция 4. ЦЕНТРИФУГАЛАУҒА ЖӘНЕ СЕПАРАЦИЯЛАУҒА 
АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПІ 
Жоспар: 
1. Центрифугалардың жалпы жіктелулері; 
2. Сепараторлардың жалпы жіктелулері; 
3. Центрифугалар мен сепараторлардың конструкциялық ерекшеліктері. 
1. Центрифугалардың жалпы жіктелулері.
Центрифугалардың жалпы 
жіктелулері жабдықтардың негізгі сипаттамаларынан тәуелді түрде болып келеді 
және негізгі жіктелулері төмендегі 1 суретте көрсетілген. 
Сурет 1 – Центрифугалардың жіктелулері
Бірінші кезекте центрифугалар ажырату факторы бойынша жіктеледі. 
Ажырату факторы бойынша 
Ф
р
<3000
болса қалыпты ал, 
Ф
р
>3000
болса онда 
сверхцентрифугалар болып бөлінеді. Жұмыс процесін жүзеге асыру бойынша 
центрифугалар үздіксіз және үздікті жұмыс істейтін болып бөлінеді. 
Ротордан тұнбаны алып тастау тәсілі бойынша центрифугаларды қолмен, 
гравитациялық жолмен, пышапен, пульсациялық жолмен, шнекпен және 
инерциялық жолмен түсіретін деп жіктеледі. 
Ротор бекітілген біліктің орналасу сипаты бойынша біліктің тік және көлденең 
орналасқан центрифугалар деп жіктеледі. Білігі тік орналасқан центрифугалар білік 


тірегінің орналасуына байланысты, тірек ротордың ауырлық ортасынан жоғары 
орналасып, ал ротор біліктің төменгі жағына бекітілген жағдайда аспалы және 
роторы біліктің жоғарғы жағында орналасқан центрифугалар болуып бөлінеді. 
2. Сепараторлардың жалпы жіктелулері.
Сепараторлар белгілері бойынша төмендегідей жіктеледі: технологиялық 
тағайындалулары бойынша; барабандарының конструкциялары бойынша; тұнбаны 
түсіру принциптері мен сипаттамалары бойынша; тұнбаны түсіру құрылғыларының 
конструкциялары бойынша; бастапқы шикізатты беру мен өнімді түсіру тәсілдері 
бойынша; қолдану аумағы (область применения) бойынша; сепаратор жетегінің түрі 
бойынша. 
Технологиялық тағайындалулары бойынша сепараторлар үш топқа бөлінеді: 
1) сепаратор-ажыратқыштар (сепаратор-разделитель) – біреуі екіншісінде 
ерімейтін сұйықтықтардың қоспасын бөлу үшін және суспензиялар мен 
эмульсияларды концентрациялауға арналады; 
2) сепараторлар-мөлдірлеткіштер (сепаратор-осветитель) – сұйықтықтан қатты 
бөлшектерді ажыратуға арналады; 
3) құрамдастырылған сепараторлар (комбинированные сепараторы) – сұйық 
қоспаны қайта өңдеудің екі немесе одан да көп операцияларын орындауға арналған. 
Құрамдастырылған сепараторлар кейде әмбебап сепарторлар деп аталады, бұл 
олардың әр түрлі қызмет атқара алатындығын көрсетеді. Құрамдастырылған 
сепараторлар тобына ажырату процесін қандай да бір басқа процестермен бірге 
орындайтын сепараторлар жатады. Мысалы, сепараторлар-экстракторлар
сепараторлар-реакторлар және т.б.. 
Сепаратор-мөлдірлеткіштер (сепаратор-осветитель) тобы келесідей екі топты 
жіктеледі: эмульсиялардың дисперсті фазасын одан әрі дисперсиялауға 
(гомогенизациялауға) және оларды қоспалардан тазартуға арналған сепараторлар 
(бұл сепараторлар тарификаторлар депте аталады, кейде оларды құрамдастырылған 
сепараторлар тобына жатқызады) және басқа механикалық қоспалармен бірге 
тұнбада жиналатын микроорганизмдерді сұйық жүйеден шығаруға арналған 
сепараторлар. 
Сепараторлардың түрлері барабанның конструкциясы бойынша екі топқа 
бөлінеді: тарелкалы және камералық.
Тарелкалы сепараторлардың роторы өңделетін сұйықтықтың ағынын 
параллель жұқа қабаттарға бөлетін конусты тарелкалардың пакетінен құралады;
Камералық сепараторлардың роторының қабырғалы жинақтамасынан (бір 
камералыда) немесе оның көлемін сақиналы камераларға бөліп олар арқылы 
өңделетін сұйықтық біртіндеп өтетін, цилиндрлі жиынтығынан құралады. 
Бастапқы гетерогенді жүйені беру мен және сепарациялау өнімдерін бөлу 
тәсілі бойынша сепараторлар үш түрге бөлінеді: ашық, жартылай жабық және 
герметикалық (жабық). 
Ашық сепараторларда роторға сұйық қоспаны беру және алынған сұйық 
фракцияларды жабдықтан шығару ашық ағынмен жүзеге асырылады. Сепарациялау 
процесі ауаның кіруінен оқшауланбайды. 
Жартылай жабық сепараторларда сұйықтық роторға ашық немесе жабық 
ағынмен беріледі, ал бір немесе екі сұйық фракцияны жабдықтан шығару жабық 
құбыржолдармен жоғары қысымда жүргізіледі. Сепарациялау процесі ауаның 
кіруінен оқшауланбайды. 


Сепараторлардың жартылай жабық роторлары ашық роторлардан қысыммен 
сепарациялау өнімдерін шығаруға арналған құрылғының болуымен ерекшеленеді. 
Герметикалық (жабық) сепараторларда роторға бастапқы сұйықтықты беру 
және сұйық фракцияларды жабдықтан шығару келтеқұбырлармен герметикалық 
жалғанған жабық құбыржолдар арқылы жоғары қысымда орындалады, оларға 
сепарациялау процесі кезінде ауаның кіруінен оқшауланған. Герметикалық 
сепараторлардың роторлары ашық және жартылай жабық сепараторлардың 
роторларынан жеткізуші және шығару құрылғыларының конструкциясымен 
ерекшеленеді. 
Жетектерінің түрі бойынша сепараторлар үш топқа бөлінеді: қолмен, аралас 
және электромеханикалық жетегі бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет