Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)


 Сүзгілердің түрлер мен олардың конструкциялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
darister
Сымбат Камила Орынбасар Лаура
3. Сүзгілердің түрлер мен олардың конструкциялық ерекшеліктері 
3.1. НУТЧ-сүзгі. 
НУТЧ-сүзгі вакууммен немесе артық қысыммен, үздікті 
жұмыс істейтін қарапайым сүзгі болып табылады. 3 суретте қысыммен жұмыс 
істейтін жабық НУТЧ-сүзгі бейнеленген (кейде жабық НУТЧ-сүзгі ДРУК-фильтр 
депте аталады). НУТЧ-сүзгі алмалы-салмалы қақпағы бар тұрықтан (кейде жылыту 
жейдесінен) тұрады. Тұрыққа сүзгі мата бекітілген, тірек тор орналасады. НУТЧ-
сүзгі суспензия, сығылған ауа, жуу сұйықтығын беруге және сүзіндіні шығару 
штуцерлерімен жабдықталған. Тұрықта тұнбаны қолмен түсіруге арналған люк 
орналасқан. 
НУТЧ-сүзгінің жұмыс циклі әдетте мынадай кезеңдерден тұрады: сүзгіні 
суспензиямен толтыру, сығылған ауа қысымымен сүзу, сүзгідегі тұнбаны кептіру, 
сүзгіні жуу сұйықтығымен толтыру, тұнбаны жуу, тұнбаны жуу сұйықтығынан 
кептіру, сүзгі матадан тұнбаны тазалау, сүзу матаны регенерациялау. 
НУТЧ-сүзгілердің негізгі артықшылықтары жұмыстың қарапайымдылығы мен 
сенімділігі, тұнбаны мұқият жуу мүмкіндігі болып табылады. Ал, жабық НУТЧ-
сүзгілер үшін жоғарыда аталған артықшылықтарға қосымша үлкен қозғаушы күш 
(қысымның айырмасы) және улы заттарды бөлуге жарамдылық (конструкцияның 
герметикалығының арқасында) қосылады.
Кемшіліктерге аппараттың үлкендігі кезінде сүзу бетінің салыстырмалы 
шағын ауданы және тұнбаны қолмен түсіру жатады. 
Ашық НУТЧ-сүзгілердің жұмысын автоматтандыру әрекеті айналмалы 
қаңқада шеңбер бойынша орналастырылған бірнеше ашық НУТЧ-сүзгілерден 


тұратын 
каруселді сүзгі
болып табылады. Қаңқа айналғанда НУТЧ-сүзгілердің 
әрқайсысы суспензиямен толтыру, сүзу, тұнбаны жуу, оны кептіру, тұнбаны 
шығару, сүзгіш матаны регенерациялау сатыларынан өтеді. 
Тұнбаны шығару НУТЧ-сүзгіні аудару арқылы жүзеге асырылады. Карусельді 
сүзгілер өлшемі үлкен және металл сыйымдылығы жоғары болғандықтан қазіргі 
уақытта іс жүзінде пайдаланылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет