Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)


 Экстракторлар конструкциялары



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
darister
Сымбат Камила Орынбасар Лаура
2. Экстракторлар конструкциялары.
Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінде негізінен тік, көлденең немесе көлбеу 
орналасатын, қарсы және аралас әрекет ететін үздіксіз жұмыс істейтін аппараттар 
кеңінен таралған. Бұл аппараттарда шнекті, ленталы, шөмішті және басқа да жұмыс 
органдары қолданылады. 


Таспалы экстракторлар (сур. 1) 
күнбағыс тұқымынан майды экстракциялау 
үшін қолданылады. Қатты фаза – 
ұсатылған тұқымдар таспада жұқа 
қабатпен жылжып қозғалады, ал 
экстрагент — бензин сораптардың 
көмегімен 
жоғарыдан 
беріліп, 
таспадағы материалды жуып өтеді. 
Процесс қатты материал мен 
экстрагент ағынының күрделі аралас 
сызбасы 
бойынша 
жүзеге 
асырылады: 
әрбір 
учаскедегі 
көлденең ағындар мен жалпылай 
экстрактордағы қарсы ағындар 
араларында жүзеге асырылады. 
Экстрактор конструкциялары қатты фазамен экстрагент арасындағы өзара 
байланыс тиімділігін қамтамасыз етпейді, экстракция жылдамдығы төмен болады. 
Майды толықтай алу үшін экстракцияны біреше сатыда орындау керек болады. 
Секциялы аппарат
(сур. 2). Экстрактор келесідей жұмыс істейді. Дозатордың 
көмегімен шикізат бірінші секцияға беріледі. Осы сәттен бастап фазалардың 
байланысы пайда болады. Әр секцияда шикізат қалақтармен аппарат осінің бойымен 
жылжи отырып тиеу шөміштерінің әрекет ету аймағына беріліп онда олар
сұйықтық деңгейінің жоғар бетіне көтеріледі. Онды бос сұйықтық шөміштегі және 
бағыттаушыдағы тесіктер арқылы ағып өтіп қайтадан секцияға беріледі. Шөміштің 
одан әрі қозғалысы кезінде материал шөміш пено тежегіш қалқалар арасында 
сығылады. Содан кейін шөміш тежегіш қалқа мен материал кедергісін жеңе отырып, 
көлбеу бағыттаушыға түсіп одан, келесі секцияға. 
Шөміштің артқы 
қабырғасына хвостовик 
бекітіліп, оған бастапқы 
қалыпына келе жатқан 
тежегіш қалқа соғылып 
тоқтайды және осы 
жағдайда 
шөміштің 
сілкінісі әсерінен, одан 
қатты фазаның толық 
бөлінуі 
орындалады. 
Әрбір келесі секцияда 
фазалардың түйісулері, 
сығылулар және артық 
жүктелулер 
циклдері 
осылай 
қайталанады. 
Соңғы секциядан экстракцияланған материал осылау қайталанып орындалады. 
Экстрагент (су) соңғы секцияға беріліп, аралық қалқадағы ағын тесіктері 
арқылы алдыңғы секцияға түседі, себебі тұрықтың еңкеюі нәтижесінде әрбір келесі 
секциядағы сұйықтық деңгейі алдыңғы секцияға қарағанда жоғары болады. Осыған 
ұқсас жолмен экстрагент секциядан әрі қарай қатты фазаға қарсы қозғала отырып 
басқа секцияларға ауысады, ал ең жоғары концентрациясы бар экстракт бірінші 
секциядан шығарылады. Қалқадағы ағу тесіктері пышақтармен тазартылады. 
Сурет 1 – Таспалы экстрактор: 1-тұрық; 2-сопла; 
3-тиеу шахтасы; 4-тасымалдау құрылғысы; 5-
сорап
Сурет 2 – Секциялы экстрактор: 1 — U-тәрізді тұрық; 2 — 
дозатор; 3 — тежегіш қалқалар; 4 — араластыру қалқалары; 5— 
пышақтар; 6 — аралық қабырғалар; 7 — білік; 8 — 
бағыттағыштар; 9 — бағыттау сектор; 10 — хвостовики; 11 — 
өту тесіктері; 12 — тиеу шөміштері; 13 — бу жейдесі (паровая 
рубашка)


Әр секцияда сұйықтықтың секциялануы мен сығылуы, қатты және сұйық 
фазалардың бойлық араласу деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Әр сатыда сығу 
келесі сатыда массаалмасуды жақсартуға ықпал етеді және материал ішінде өтулерді 
(перенос) біршама арттырады. Осының барлығы аппараттың тиімділігін 
жоғарылатады. 
Шөмішті экстракторлар. 
Конструкциясы бойынша тік және көлденең болып 
бөлінеді. Бұндай түрлі экстракторларда 
үздіксіз қозғалатын таспаға бекітілген түптері 
тесілген шөміштер орнатылады. Тік шөмішті 
экстракторларда (Сур. 3) материал жоғарыдан, 
төмен түсетін ең жоғарғы шөмішке тиеледі 
және жоғарыдан төменге түсе отырып, ішінара 
экстрагирлейтін 
затпен 
(экстрагентпен) 
байытылған 
еріткішпен 
ылғалданады. 
Эктрагент шөміште бөлшектер мен тесілген 
түбі арқылы өтіп, келесі шөмішке беріледі. 
Осылайша, шөміштердің төмен түсетін 
қатарында тура ағынды процесс орын алады. 
Жоғарыға көтерілетін шөміштер қатары, 
жоғарғы шөміштен аққан таза еріткішпен 
жуылады, демек, бұл қатарда қарсы процесс 
орын алады. 
Осы қатардың соңғы шөмішінен өткен 
сұйықтық аппараттың түбіне жиналып, 
түсірілетін қатардың жоғарғы шөмішіне 
жіберіледі. 
Көлденең шөмішті (горизонтальный) 
экстракторлардың жұмыс істеу принциптері 
таспалы экстракторларға ұқсас болады, яғни: 
шөміштердің тобы шөміштердің астында 
жиналып, 
транспортердің 
қозғалысына 
қарама-қарсы бағытта орналасқан шөміштердің көрші тобын жууға бағытталатын 
сұйықтықпен бір мезгілде жуылады (орошается). Таспалы экстрактордан 
айырмашылығы көлденең шөмішті экстракторда оның екі тармағы да 
пайдаланылады. 
Шөмішті экстракторлар таспалы экстракторларға қарағанда өнімділіктері 
жоғары болғанымен тқмендегідей кемшіліктерге ие: негізгі өлшемдері үлкен, 
аппараттың жұмыс көлемі толығымен пайдаланылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет