Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
darister
Сымбат Камила Орынбасар Лаура
Бақылау сұрақтары: 
1. Экстракция процесінің мақсаты және мәні. 
2. Экстракциялаудың қандай әдістерін білесіз бе? 
3. Экстракциялауға арналған аппараттардың жіктелуі. 
4. Экстракциялау кезінде қандай кезеңдер маңызды болып саналады? 
5. Диффузия және масса беру (масса отдача) коэффициенттерінің шамасына 
қандай факторлар әсер етеді? 
6. Экстракциялау процесттерін интенсификациялау әдістері. 
7. Экстракциялауға арналған қандай аппараттарды білесіз? 
Сурет 3 – Тік (вертикальный) 
шөмішті экстрактор: 1 — шөміш; 
2 — еріткіш қоректендіргіші 
(питатель растворителя); 3 — 
тиеу құрылғысы; 4 — аралық 
экстрагентке арналған 
қоректендіргіш 


 
Дәріс 3. ФЛОТАЦИЯЛАУҒА ЖӘНЕ СҮЗУГЕ АРНАЛҒАН 
ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПІ 
Жоспар: 
1. Флотациялауға арналған жабдықтар жайындағы жалпы мәліметтер және 
жіктелулері; 
2. Сүзу процесі жайындағы жалпы мағлұматтар; 
3. Сүзгілердің түрлер мен олардың конструкциялық ерекшеліктері 
1. Флотациялауға арналған жабдықтар жайындағы жалпы мәліметтер 
және жіктелулері. 
Ұсақ минералды дәндерді сумен ылғалдандырудың әртүрлі 
қабілетіне негізделіп, ылғал ортада ұсақ минералды дәндерді байыту процесі 
флотация деп аталады. Көбікті флотация кезінде ауа көпіршігінің бетіне 
флотацияланатын минералдардың дәндерінің бекітілуі (ұсталып тұруы) келесідей 
процестер нәтижесінде байқалады: 1) көпіршік пен минералды бөлшектердің өзара 
жақындасуы; 2) көпіршік пен минерал дәнінің қабатының арасындағы сұйық 
қабаттың үзілуі; 3) көпіршікке бөлшектердің бекітілуі. 
Флотацияланатын материалдың ау көпіршіктерінің бетіне жабысуын 
қамтамасыз ету үшін, әртүрлі органикалық және бейорганикалық заттарды 
пайдаланады және олар флотациялық реагенттер деп аталады. 
Флотациялық реагенттердің орындайтын қызметтеріне байланысты келесідей 
жіктеуге болады: 1) коллекторлар немесе жинағыштар; 2) көбік түзгіштер немесе 
көбіктендіргіштер; 3) депрессорлар, немесе басқыштар (подавитель); 4) 
активаторлар; 5) реттегіштер. 
Қазіргі уақытта қолданылатын флотациялық машиналардың көбік түзу тәсілі 
бойынша механикалық, пневматикалық және аралас (комбинированные) деп бөледі. 
Пульпаны (қойыртпақ) аэрациялау тәсілі бойынша флотациялық машиналар 
механикалық, пневмомеханикалық және пневматикалық топтарға жіктеледі: 
- механикалық, онда пульпаның (қойыртпақтың) аэрациясы ауаның 
атмосферадан әртүрлі конструкциялы араластырғыштармен сорылуы салдарынан 
жүзеге асырылады; 
- пневмомеханикалық, онда пульпаның машинаға желдеткіштерден, ауа 
үрлегіштерден немесе компрессорлардан берілетін сығылған ауамен аэрациялануын 
қамтамасыз етіледі және диспергирлеу әртүрлі конструкциялы араластырғыштармен 
немесе виброқұрылғылармен жүзеге асырылады; 
- пневматикалық, онда келте құбырлармен немесе кеуекті қалқалар арқылы 
берілетін сығылған ауамен пульпаның аэрациялануы орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет