Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
darister
Сымбат Камила Орынбасар Лаура
3.5 Дискілі сүзгі.
Дискілік вакуум-сүзгі (сурет 8) сүзу бетін ұлғайту әрекеті 
бойынша, көп жағдайда барабанды сүзгіге ұқсас. Бұл 
сүзгіде сүзгі мата көлденең айналмалы қуыс білікке 
орнатылған 
дискілердің бетінде орналасқан. 
Дискілер шамамен ортасына дейін науадағы 
суспензияға батырылады. Вакуумның әсерінен 
сүзгіш дискілердің ішіне, содан біліктің қуысына 
өтеді. Біліктің бір шетінде тарату бас тиегі 
(барабанды сүзгідегі сияқты), екіншісіне – жетек 
орнатылады. Матаның бетінде пайда болған тұнба 
пышақтардың көмегімен алынады. 
Дискілердің бүйір бетінде сүзгіш матаның 
орналасуы барабанды сүзгідегі сияқты негізгі 
өлшемдерін өзгертпей, сүзу бетін бірнеше есе 
арттыруға мүмкіндік береді. Сүзгінің басқа 
артықшылығы істен шыққан дискілерді ауыстыру мүмкіндігінің болуы. Дискілі 
сүзгілердің кемшілігі тұнбаны жуу мен герметизацияны жасау қиындықтары болып 
табылады. Сондықтан дискілі сүзгілер тұнбаларды жуу қажет болмаған жағдайларда 
қолданылады. 
3.6 Жеңді сүзгі. 
Газдарды сүзу арқылы тазалауға арналған аппараттардың 
жұмыс істеу принципі суспензияларды бөлуге арналған аппараттарға ұқсас. Алайда, 
газдарды сүзу кезінде көп жағдайда сүзгіш 
қалқа кеуектерінің (пора) бөлшектермен 
бітелуі орын алады. Кеуектердің бітелулері 
нәтижесінде 
сүзгінің 
гидравликалық 
кедергісі артуы себепті тазалау дәрежесіде 
артады. 
Жеңді сүзгі (сурет 9, а) матадан 
жасалған қаптары (жеңдері) бар тұрық 
болып табылады. Жеңдердің төменгі ашық 
жақтары құбырлы торлары бар келте 
құбырларына бекітілген. Жеңнің пішінін 
сақтау үшін қаттылық сақиналарымен 
(кольцо жесткости) жабдықталады (Сурет 9, 
б). Жеңдердің жоғарғы жабық жақтары 
жалпы қаңқаға (рама) ілінеді. Шаңдалған газ 
аппаратқа 
штуцер 
арқылы 
енгізіліп, 
жеңдердің ішіне беріледі. Матадан жасалған, 
жеңдер 
арқылы 
өтіп, 
газ 
шаңнан 
тазартылады және аппараттан жоғарғы 
штуцер арқылы шығады. Шаң матаның ішкі 
бетінде және мата кеуектерінде ұсталынып 
қалады. Жеңдерді шаңнан тазалау үшін, 
оларды арнайы құрылғының көмегімен 
сілкіп, шаңды жеңдерден бункерге төгеді 
және төменгі штуцер арқылы шығарылады. Сонымен қатар, жеңдерді олардың 
сыртқы жағынан берілетін ауамен үрлеп тазалайды. 
Сурет 8 – Дискілі вакуум-сүзгі: 1 
– жетек; 2 – қуыс білік; 3 – сүзу 
бүйір бетті дисктер; 4 – 
суспензияға арналған науа; 5 – 
тарату бас тиегі 
Сурет 9 – Жеңді сүзгі (а) мен 
қаттылық 
сақиналарымен (кольцо жесткости) 
жабдықталған аймақтарының (б) 
схемалары: 1 – жең; 2 – құбырлы тор; 3 – 
шығару шанағы; 4 – жеңдерді сілкуге 
арналған құрылғы 


Жеңдерді жасау үшін әдетте мақта-мата және жүн маталары қолданылады, бұл 
тазаланатын газдың температурасын шектейді.
Жеңді сүзгілердің кемшіліктері: жоғары гидродинамикалық кедергі, матаның 
салыстырмалы тез тозуы және матаның сулануы кеуектердің бітелуіне әкеліп 
соғатындықтан ылғалды газдарды тазалау үшін жарамсыз.
Жеңдік сүзгілердің негізгі артықшылығы: газдарды жұқа дисперсті шаңнан 
тазартудың жоғары дәрежесі болып табылады (1 мкм көлеміндегі бөлшектер 98-99% 
- ға ұсталады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет