Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)



Pdf көрінісі
бет9/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
darister

 
3.3 Таспалы сүзгі
Таспалы (сурет 6) вакуумда жұмыс істейтін үздіксіз әрекет ететін аппарат 
болып табылады, онда сүзгіштің ауырлық күшінің бағыттары мен қозғалысы сәйкес 
келеді. 
Перфорацияланған (тесіктері бар) резеңке таспа жетек және керу 
барабандарының көмегімен тұйық жолмен қозғалады. Сүзгі мата керу роликтерінің 
көмегімен таспаға жабысады. Суспензия науадан сүзу матасына беріледі. Фильтрат 
(сүзінді) таспаның астындағы вакуум-камераларға сорылып, аппараттан 
шығарылады. Матаға шөккен тұнба бүріккіштен берілетін сұйықтықпен жуылады. 
Жуу сұйықтығы басқа вакуум-камераларға сорылып беріліп, жуып болған соң 
аппараттан шығарылады. Таспа майысқан кезде тұнба білік арқылы матадан бөлініп 
алынып, шанаққа (бункер) беріледі. Мата керу ролигіне кері қайту жолында 
регенерацияланады: механикалық щеткалардың көмегімен тазартылады, буланады 
немесе сұйықтықпен жуылады. 
Таспалы сүзгілердің артықшылықтарына жұмыстың үздіксіздігі, тұнбаны жуу 
және кептіру үшін жағдайлардың жақсылығы, салыстырмалы жоғары өнімділік 
кезінде аппараттың ықшамдылығы, қатты фазаның жоғары құрамы бар 
суспензияларды сүзу мүмкіндігі жатады.
Кемшілігі - сүзгіш матаның өте тез тозуы, қозғалыс кезінде оның қисаю қаупі, 
вакуумдық камералар мен жылжымалы таспа арасындағы герметикалықты 
қамтамасыз ету күрделілігі. 
3.4 Барабанды сүзгі 
Үздіксіз жұмыс істейтін сүзгілер арасында барабанды вакуум-сүзгілер кең 
таралған. Мұндай сүзгінің схемасы суретте 7 көрсетілген. Сүзгіде металл тормен 
қапталып, оған сүзгі мата орнатылған, айналмалы цилиндрлі тесікті 
(перфорированный) барабан орналасқан Барабан бетінің 30-40%-ы науадағы 
суспензияға батырылады. Сүзгіде сүзу бағыты ауырлық күшіне қарама-қарсы 
болғандықтан, тұнба бөлшектерінің науаның түбіне шөгуі сияқты қажетсіз құбылыс 


орын алуы мүмкін. Тұнбаның шөгуін болдырмау үшін барабан мен науаның 
арасындағы саңылауда тербелмелі араластырғыш орнатылған. Суспензияны 
жабдыққа беру тұрақты деңгейді ұстап тұру үшін үздіксіз орындалады. 
Барабан радиалды қалқалармен бір-бірінен оқшауланған камераларға 
бөлінген. Әр камера құбыр арқылы тарату бас тиегінің қозғалмайтын бөлігінің 
жұмыс бөліктерімен жалғанады. Құбырлар тарату бастиегінің айналмалы бөлігімен 
біріктіріледі. Сондықтан камераның барабаны айналғанда белгілі бір ретпен вакуум 
және сығылған ауа көздеріне қосылады. Нәтижесінде барабанның толық айналымы 
кезінде әрбір камера сүзгі жұмысының түрлі кезеңдері жүзеге асырылатын бірнеше 
аймақтардан өтеді. 
Бірінші аймақ – сүзу және сүзіндіні шығару аймағы. Мұнда камера вакуум 
көзіне 
қосылған 
және 
суспензиямен 
жанасады. 
Вакуумның әсерінен сүзгіш 
мата, тор мен барабанның 
тесіктері арқылы камераның 
ішіне өтеді және келте құбыр 
арқылы 
аппараттан 
шығарылады. 
Барабанның 
сыртқы бетінде тұнба пайда 
болады. 
Екінші аймақ – тұнбаны 
жуу 
мен 
жуудан 
кейін 
шайынды суларды шығару 
аймағы. Мұнда суспензиясы 
бар науадан шыққан камера 
вакуум көзіне қосылған ал, 
тұнбаға жуу сұйықтығы беріледі.
Үшінші аймақ - тұнбаны шығару аймағы. Бұл аймаққа түскен, тұнба алдымен 
вакуумда кептіріледі, содан кейін камера құрғатумен қатар тұнбаны қопсытатын 
сығылған ауа көзімен қосылады, бұл тұнбаны шығаруды жеңілдетеді. Барабаннан 
тұнбаны қырып шығару пышақтың көмегімен жүзеге асырылады, ол сондай-ақ 
матадан бөлінген тұнбаның қабаты үшін бағыттаушы жазықтық қызметінде 
атқарады. 
Төртінші аймақ – сүзгіш матаны регенерациялау аймағы. Бұл аймақта мата 
сығылған ауамен немесе су буымен үрленеді және мата кеуектерінде (пора) қалған 
бөлшектерден босатылады. 
Осылайша, сүзгі бетінің әрбір учаскесінде барлық операциялар бір бірінен 
кейін бір ретпен жүргізіледі, бірақ учаскелер бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейді
сондықтан барлық операциялар бір мезгілде жүргізіледі, яғни процесс үздіксіз өтеді. 
Барабанды 
вакуум-сүзгінің артықшылықтары арасында жұмыстың 
үздіксіздігінен басқа, қызмет көрсетудің қарапайымдылығы, қатты фазаның жоғары 
құрамы бар суспензияларды сүзу мүмкіндігі, тұнбаны жуу үшін жақсы жағдайлар 
жасалғандығын атап өту қажет.
Сүзгіштің кемшіліктеріне сүзудің салыстырмалы шағын меншікті беті, 
таратқыш бастиектің герметизациясының күрделілігі, науада суспензияны 
араластыру қажеттілігі, сүзгіш матадан бірден түсіп тұратын қопсытылған 
тұнбаларды құрайтын суспензияларды сүзудің мүмкіндігінің болмаулары жатады. 
Сурет 7 – Барабанды вакуум-сүзгі: 1 – тесікті 
(перфорированный) барабан; 2 – тұнба; 3 – тұнбаны 
тазалауға арналған пышақ; 4 – суспензияға арналған науа; 
5 – тербелмелі араластырғыш; 6 – жуу сұйықтығын 
беруге арналған құрылғы; 7 – тарату бас тиегі 
(распределительная головка) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет