артық), ұсақ суспензиялар (бөлшектердің көлемі 0,5-тен 100 мкм-ге дейін), аса ұсақ
(бөлшектердің көлемі 0,1-ден 0,5 мкм-ге дейін) болып жіктеледі.
Аэрозоль
дегеніміз тұтас газ фазасы мен дисперсиялық қатты немесе сұйық
фазасы бар гетерогенді жүйе. Қатты дисперсті фазасы бар аэрозольдарға шаң
(бөлшектердің көлемі 5-тен 100 мкм-ге дейін) және түтін (бөлшектердің көлемі 0,3-
тен 5 мкм-ге дейін) жатады.
Сұйық дисперсиялық фазасы бар аэрозоль
тұман
деп аталады (бөлшек өлшемі
0,3-тен 5 мкм дейін). Сүзумен тек қатты дисперсті фазасы бар жүйелер
(суспензиялар, шаң және түтіндер) бөлінеді.
Сүзу нәтижесінде екі өнім алынады: тұнба және сүзінді (фильтрат).
Тұнба
дегеніміз сүзу қалқасында пайда болатын қатты бөлшектердің түйіршікті қабаты.
Тұнба суспензиясы сүзгенде (оны кептіргенге дейін) екі фазадан тұрады: қатты
бөлшектер мен бөлшектер арасындағы бос көлемді толтыратын сұйықтықтар.
Сүзінді дегеніміз сүзу қабатынан өткенде дисперсті фазалар жүйелеріне
(сұйық – суспензияларды сүзу кезінде, газ – шаң мен түтін сүзу кезінде) бөлінген
ішінара немесе тұтастай қатты бөлшектер тазаланған өнім. Сүзу қабаты мынадай
талаптарға сай болулары тиіс: 1) қатты бөлшектерді
бөлудің қажетті деңгейін
қамтамасыз ету; 2) төмен гидравликалық кедергіге ие болу; 3) механикалық беріктігі
және химиялық төзімділігі болуы; 4)
тұнбадан оңай бөлініп, бөлшектерден
тазартылуы
(қалпына
келтірілуі).
Сүзгілердің жіктелуі.
Сүзгілердің
жіктелулері
сурет
1
көрсетілген.
Суспензияларды
бөлуге
арналған сүзгілерді
таңдау
кезінде
олардың
жұмысының техникалық-
экономикалық
көрсеткіштерін
назарға ала
отырып,
суспензия
бөлшектерінің мөлшерін,
оның
концентрациясын,
түзілетін
тұнба
түрін,
сүзгіні жуу мүмкіндігі мен
сапасын, сүзгі жұмысының
үздіксіздігін,
сүзгіш
қалқалардағы
қысымның
ауытқуын және т. б. ескеру
қажет.
Кесте 1 сүзгілердің кейбір орташаланған сипаттамалары берілген.
Кесте 1 – Сүзгілердің кейбір орташаланған сипаттамалары
Сүзгі түрі
Суспенз
ия
түйірле
рінің
өлшемде
Суспензия
концентр
ациясы,
г/л
Сүзк сапасы
(сүзіндідегі
түйірлер
концентраци
ясы)
Тұнба түрі
Жуу сапасы
Сурет 1 – Сүзгілердің жіктелулері
рі, мкм
Жабық
НУТЧ-
сүзгі
2 – 2500
20 – 800
жақсы (60
мг/л-ге
дейін)
барлығы
өте жақсы
Пресс-
сүзгі
0,5 – 200 0,3 – 400
өте жақсы
(40 мг/л-ге
дейін)
тиксотропты
лардан
басқалары
жақсы
Таспалы
сүзгі
3 – 5000 50 – 650
қанағаттанар
лық (120
мг/л-ге
дейін)
жабысқақта
н басқалары
өте жақсы
Барабанд
ы сүзгі
1 – 300
10 – 400
қанағаттанар
лық (120
мг/л-ге
дейін)
барлығы
қанағаттанарлық
Дискілі
сүзгі
1 – 300
10 – 400
қанағаттанар
лық (120
мг/л-ге
дейін)
барлығы
қанағаттанарлық
сыз
Үздікті және үздіксіз жұмыс істейтін сүзгіш центрифугалар біліктің орналасуы
бойынша тік және көлденең, тұнбаны түсіру тәсілі бойынша – тұнбаны қолмен,
гравитациялық, пульсациялайтын және ортадан тепкіш күш арқылы түсіретін
центрифугалар болып бөлінеді. Сүзгіш центрифугалардың тұндырғыштардан басты
айырмашылығы олардың сүзгіш матамен қапталған перфорацияланған (тесікті)
барабаны болады.
Достарыңызбен бөлісу: