Әр секцияда сұйықтықтың секциялануы мен сығылуы, қатты және сұйық
фазалардың бойлық араласу деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Әр сатыда сығу
келесі сатыда массаалмасуды жақсартуға ықпал етеді және материал ішінде өтулерді
(перенос) біршама арттырады. Осының барлығы аппараттың тиімділігін
жоғарылатады.
Шөмішті экстракторлар.
Конструкциясы бойынша тік және көлденең болып
бөлінеді. Бұндай түрлі экстракторларда
үздіксіз қозғалатын таспаға бекітілген түптері
тесілген шөміштер орнатылады. Тік шөмішті
экстракторларда (Сур. 3) материал жоғарыдан,
төмен түсетін ең жоғарғы шөмішке тиеледі
және жоғарыдан төменге түсе отырып, ішінара
экстрагирлейтін
затпен
(экстрагентпен)
байытылған
еріткішпен
ылғалданады.
Эктрагент шөміште бөлшектер мен тесілген
түбі арқылы өтіп, келесі шөмішке беріледі.
Осылайша, шөміштердің төмен түсетін
қатарында тура ағынды процесс орын алады.
Жоғарыға көтерілетін шөміштер қатары,
жоғарғы шөміштен аққан таза еріткішпен
жуылады, демек, бұл қатарда қарсы процесс
орын алады.
Осы қатардың соңғы шөмішінен өткен
сұйықтық аппараттың түбіне жиналып,
түсірілетін қатардың жоғарғы шөмішіне
жіберіледі.
Көлденең шөмішті (горизонтальный)
экстракторлардың жұмыс істеу принциптері
таспалы экстракторларға ұқсас болады, яғни:
шөміштердің тобы шөміштердің астында
жиналып,
транспортердің
қозғалысына
қарама-қарсы бағытта орналасқан шөміштердің көрші тобын жууға бағытталатын
сұйықтықпен бір мезгілде жуылады (орошается). Таспалы экстрактордан
айырмашылығы көлденең шөмішті экстракторда оның екі тармағы да
пайдаланылады.
Шөмішті экстракторлар таспалы экстракторларға қарағанда өнімділіктері
жоғары болғанымен тқмендегідей кемшіліктерге ие: негізгі өлшемдері үлкен,
аппараттың жұмыс көлемі толығымен пайдаланылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: