Пјнніҫ мақсаты: Стилистика жоәары оқу орындарыныҫ қазақ филологиясында кҙп жылдардан бері пјн ретінде ҙткізіліп келеді



Pdf көрінісі
бет28/50
Дата17.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#153337
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
Байланысты:
Адамбаева Г.М. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша

5)Қарапайым сӛздер. 
Кӛбінесе сӛйлеу тілі стилінде айтылып, ал әдеби тіл стильдерінде сирек 
ұшырасатын белгілі бір сӛздер бар. Олар тұрпайы мағыналы сӛздер. Мұндай 
қарапайым сӛздер ара-тұра кӛркем әдебиет стилінде белгілі бір стильдік 
мақсатта жұмсалады. 
Жастау жігіт қойнынан бүктелген кағазды шығарып, Қамилаға карап 
күлімсіреді:
-
Мынаған 
доңғал басыңды 
басып жіберші - деп. 
-
Жоқ, жолдас, кеңсеге бар, мӛрді қалтаға салмаймын, кеңседе болады, - деп 
Камила жауапты қысқа қайырды 
(Б. Майлин). 
Ескендір сияқты 
судырлар 
елдің үрейін ұшырып
(сонда). 
Осы мысалдардағы доңғал бас (мӛр). судырлар (белсенділер) қарапайым 
сӛздері кейіпкер тілінде айтылып тұр. Мұндай стильдік мақсаттағы қарапайым 
сӛздер, негізінен, кейіпкер тілінде қолданылады. 
Сӛйлеу стиліндегі кейбір теңеу құралдары әдетте тым қарапайым, тіпті 
қарадүрсін, дӛрекі болып келеді. Сейлеу стиліндегі мұндай сӛздердің бәрі 
бірдей керкем әдебиет стилінде қолданыла бермей, тек авторлық ремаркада 
ғана ара-тұра кездеседі. Бұл тәрізді жекелеген қарадүрсін сӛз қолданыс 
ертеректегі әдеби шығармалардың тілінде, атап айтқанда, авторлық баяндауда 
ұшырасатын. Бұған сол кезгі кӛркем әдебиет үлгілерінен бірер дәлел келтіре 
кетейік. 
Алпыска калай карайсың? - сексенді кӛзіме тықты, жарықтығым. 
Берген жокпын. Осы кезде 
сайтандай 
Ерден жетіп келді; Шал елу тиынды 
тастағасын, "тағы, бес тиын тастайын, саған да ырым болсын" деді, бес сом 
тастап тұрған 
немедей 
(С.Мұқанов). 
Әзірленіп қойған екен, бармасаң ол да, 
мен де қатты ренжимін деп 
талақтай 
жабысты. 
Бірак былайғы жерде тілдегі 
мүндай теңеу құралдары кӛркем әде биет стилінің ӛзінде де сирей бастады. 
Ӛйткені, жазушылардың бірте-бірте сӛз қолданудағы талғамы, шеберлігі арта 
түсті. Шынында да, сӛйлеу стиліндегі ондай тым қарабайыр сӛздер кӛркем 
әдебиет стилінің табиғатына, тұтас контекс кӛлеміндегі кӛркемдікпен еш 
үйлеспейді, қайта оны тұрпайыландырып нүқсан келтіріп тұрады. Мысалы: 
Сағындықтардан бӛлінгеннен кейін сүзісуге аңдысқан 
бұқадай, 
Мұрат пен 
Қайролла біразға дейін 
пәлендей 
басты кеңеске кірісе алған жоқ 
(сонда). 
Жұман дейтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет