Пјнніҫ мақсаты: Стилистика жоәары оқу орындарыныҫ қазақ филологиясында кҙп жылдардан бері пјн ретінде ҙткізіліп келеді



Pdf көрінісі
бет30/50
Дата17.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#153337
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Байланысты:
Адамбаева Г.М. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша

Тоғызыншы дәріс 
Фразеологизмдердің стильдік қолданысы
 
1.
Тілімізде фразеологизмдердің атқаратын қызметі. 
2.
Фразеологиялық единицалардың эмоционалдық-экспрессивтік бояуы 
3.
Фразеологизмдердің стильдік қасиеттеріне қарай топтастырылуы: 
а) сӛйлеу тілінің фразеологиясы 
ә) жазаба тіл фразеологиясы 
б) бейтарап фразеологизмдер. 
4. Фразеологизмдердің кӛркем әдебиетте қолданылуы 
1)Қазақ тіліндегі тұрақты сӛз
тіркестерін ұзақ жылдар бойы зерттеген, 
ол туралы сӛздік шығарған академик І.Кеңесбаев былай дейді: «Стиль - ӛлгенді 
тірілтіп, ӛшкенді жандандыратын дүние десе де болады»,- дей келіп, «...сӛздің 
орнын тауып қолдану да стильдік тәсілге апарып соғады, мысалы «аузын айға 


37 
білеген» деген әсірелеудің, «атау кереңді іш деген» деген қарғыстың, «ұлық 
болсаң, кішік бол» тәрізді нақылдың, «жұмыртқадан жүн қырққан» деген 
сараңдықтың сыр-сипаты стильдік функцияда жатыр»,- дейді. 
Фразеологизмдер тілімізде екі түрлі қызмет атқарады: 
1.
Фр-лық тұрақты сӛз тіркестерінің негізгі қызметі – ол зат, құбылыстардың 
атын білдіреді (қызыл алаң, құрмет тақтасы, қырғи қабақ соғыс) және 
сӛйлем түрінде келіп, пікір алысу құралы ретінде жұмсалады(кӛзім ашылды, 
аузын ашып қалыпты, жақсыдан жаман туған). 
2.
Бұл сӛз орамдары тілімізге образды, бейнелі, мәнерлі рең беруде, тіліміздің 
эмоциялы-экспрессивті бояуын арттыруда мәні зор. Осы қызметінің 
стилистика үшін маңызы ерекше. Яғни, образдылық – тұрақты сӛз 
тіркестеріне тән қасиет. Мысалы, белінен бесік табы кетпеген, (жас), 
тақырға отыру (алдану), үріп ауызға салғандай (сұлу) т.б. 
2) Эмоционалды-экспрессивті бояу
тұрақты сӛз тіркестеріне де тән. 
Құрамында бұрыннан қалыптасып тұрақталған айрықша экспрессивті бояуы 
бар сӛз тіркестері бар. Ондай сӛз тіркестері сезімге айрықша әсер етеді. «Үріп 
ауызға салғандай», «жүрек жұтқан» деп жағымды образ туралды айтылса, 
«қоян жүрек», «тас бауыр» дегендер жағымсыз образ тудыруда әсері айрықша 
кӛрінеді. 
Экспессивті тұрақты сӛзтіркестері әр түрлі кӛңіл-күйге байланысты 
жұмсалады. Мысалы, Кӛзімнің қарашығы! Іске сәтІ Неткен сұмдық! Қара 
басқыр! Жан қалқам! 
Сонымен экспрессивті-эмоцияналды бояуы бар тұрақты сӛз тіркестерін 
мынадай топтпрға бӛлуге болады: 
1.
Жағымды, жағымсыз образ тудыру үшін жұмсалатын тіркестер 
2.
Адамның әр түрлі кӛңіл-күйін білдіретін, яғни жақсы кӛру, еркелетумен 
байланысты тұрақты сӛз тіркестері 
3.
Тілек, қарғыс мәнді тіркестер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет